Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Бұл құрылғыға қосалқы құралдар сатып алу үшін,
www.shop.philips.com/service
мекенжайындағы онлайн-дүкенімізге кіріңіз. Онлайн-дүкен қызметін пайдалану еліңізде мүмкін
болмаса, Philips дилеріне немесе Philips қызмет көрсету орталығына барыңыз. Құрылғы үшін
қосалқы құралдар алуда қиындықтар болса, еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз. Бұл байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табасыз.
Өңдеу
-
Өнімдегі бұл белгі өнімнің 2012/19/EU санды Еуропалық директива аясына кіретінін
білдіреді. Электр және электрондық өнімдерге арналған жергілікті бөлек қалдықтарды
тастау жүйесін біліп алыңыз. Жергілікті ережелердің талаптарын орындаңыз және өнімді
ешқашан қарапайым тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескірген өнімдерді тиісті
жолмен тастау қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсерлердің алдын
алады (Cурет 27).
Кепілдік және қызмет көрсету
Қызмет көрсету жұмыстары немесе ақпарат қажет болса немесе проблема болса, Philips
компаниясының
www.philips.com/support
веб-торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады. Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін
www.philips.com/support
торабына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Проблема
Шешімі
Кофе демдеу уақыты әдеттегіден ұзақ.
Құралды қақтан тазалау керек
(«Қақтан тазалау» тармағын қараңыз).
Кофе демдегіш су ыдысы босамай
тұрып сөніп қалады.
Құралды қақтан тазалау керек («Қақтан тазалау»
тармағын қараңыз).
Демдеп жатқанда ыдысты құралдан
алсаң, фильтірі тасып кетеді.
Фильтірі тасып кетпес үшін, демделіп жатқанда
ыдысты құралдан 30 секундтан көп уақытқа алуға
болмайды.
Фильтірден кофе ағады, дегенмен
ыдысқа дұрыстап ақпайды немесе
мүлдем ақпайды.
Араластыратын құбыр бітіп қалмағандығын
тексеріңіз.
47
ҚАЗАҚША
Содержание HD7562
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 ...
Страница 4: ......
Страница 102: ......
Страница 103: ......
Страница 104: ......
Страница 105: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Страница 106: ...22 23 24 25 26 27 ...
Страница 107: ......
Страница 108: ...4222 200 0151 5 ...