,
Батарея жарығы ақ түспен жыпылықтауын жалғастырады және
құрылғы толықтай зарядталғанда, ақ түсті жарық тоқтаусыз жанып
тұрады.
,
Толық зарядталған құрал 1сағаттан аса қуат көзіне қосылып
тұрса, батарея жарығы 30 минуттан соң сөніп қалады.
Батарея қуаты аз және батарея таусылды сигналдары
,
Батарея қуаты таусылуға жақындағанда ол қызғылт сары түспен
жыпылықтайды. Құрылғы өшірілген кезде, батарея жарығы
бірнеше секунд бойы қызғылт түспен жыпылықтайды.
,
Егер батарея қуаты таусылса және қосу/өшіру түймесін бассаңыз,
батарея жарығының қызғылт түспен жыпылықтауының жиілігі
арта түседі.
Тоқ сымымен сақал кесу
Құрылғы ток көзіне қосулы кезде де, оны пайдалана аласыз.
1
Кішкене штепсельдік ұшты құралға кіргізіңіз.
2
Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3
Құрылғыны қосу үшін, қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Құрылғыны пайдалану
Бұл құралды бет шашын (сақал, мұрт және жақ сақал) қыру үшін
пайдалануға болады. Бұл құрал төменгі дене бөліктеріндегі шашты
немесе бас терісі шашын кесуге арналмаған.
Тарақ көмегімен кесу
Құрылғының триммер басын теріден белгілі бір қашықтықта ұстайтын
тарағы бар. Бұл арақашықтық қалған шаш ұзындығын анықтайды және
оны бейімдеу сақинасы арқылы реттеуге болады.
ҚазаҚша
58