Қа
зақша
Қа
зақша
159
158
Назар аударыңыз
Бұл бұйым дене, сезіну немесе ақыл-ой
қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен
тəжірибесі аз адамдардың (соның ішінде
балалардың) қауіпсіздігі үшін жауапты
тұлғалар оларды қадағаламаса жəне
бұйымды пайдалану бойынша анық
нұсқаулар бермесе, ондай адамдардың
пайдалануына арналмаған. Балалардың
бұйыммен ойнамауын қадағалау керек.
- Бұлай істемесеңіз, апатқа немесе жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
Қалыптан тыс жағдай немесе дұрыс жұмыс
істемеу байқалса, пайдалануды дереу
тоқтатып, қуат ашасын суырыңыз.
- Оны сондай жағдайларда пайдалану өрт
шығуына, тоқ соғуына немесе жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
<Әдеттен тыс немесе бұзылу жағдайлары>
• Қуат сымына нұқсчан келген (шытынаған
немесе өзек сымы ашылып қалған сияқты).
• Корпусы, қуат сымы немесе қуат ашасы
шектен тыс ыстық, майысқан немесе түсі
кеткен.
• Қуат сымы суырылғаннан кейін бұл бұйым
тоққа кездейсоқ қосылып кетпейді.
• Қуат ашасынан немесе қуат сымынан күйген
иіс шығады.
- Уәкілетті қызмет көрсету орталығына дереу
хабарласып, тексеруін немесе жөндеуін сұраңыз.
Егер қуат сымы зақымдалса, қауіпті
болдырмау үшін оны өндіруші, оның қызмет
орталығы немесе ұқсас кəсіби білікті
мамандар ауыстыруы тиіс.
- Солай жасамау апатқа немесе жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
Су құйған кезде су сауытын шығарып алуды
ұмытпаңыз; су сауытын қуат тұғырына
қайтарған кезде, оны орнына міндетті түрде
орнатыңыз.
- Олай етпесеңіз, электр тоғы соғуына себеп
болуы мүмкін.
Үтікті қуат тұғырына мықтап орнату керек,
ал қуат тұғырын тегіс əрі орнықты бетке
орналастыру қажет. Осы бұйымды көлбеу
булайтын үтік ретінде пайдаланған кезде, оны
тегіс, орнықты беткі қабатта пайдалану қажет.
- Егер үтік құлап кетсе, оған сызат түсуі немесе
тіпті ол жарақаттауы не күйдіруі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Үтіктің ішіне түйреуіш немесе ине сұғуға
болмайды жəне үтікті ине не соған ұқсас заттар
сұғылған киім-кешекке қолдануға болмайды.
- Әйтпесе, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
Төменгі табанын өзіңізге не басқаларға тым
жақын қоймаңыз, себебі күтілмегенде үтіктен
бу шығуы мүмкін.
- Олай етсе, күіп қалуға немесе жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Бұйымды матадан басқа заттарға
пайдалануға болмайды.
- Әйтпесе, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Толық суымайынша үтікті жинап тастамаңыз.
- Олай етсеңіз, күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
Бұйымды пайдалану барысында су сауытын
шығарып алуға болмайды.
- Олай етсеңіз, су ағуына себеп болуы мүмкін.
Қуат сымы ширатылған болса, бұйымды
сақтауға қоюға болмайды.
- Олай етсе, қуат сымы үзіліп, қысқа тұйықталуға
байланысты күйіп қалуға, электр тоғы соғуына
не өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
Су қоймасына əтір, сірке суын, крахмал,
қақты кетіретін құралдарын, үтіктеу
құралдарын немесе басқа химиялық
заттарды қоспаңыз. Бұл бұйымға тек бөлме
температурасындағы таза суды немесе
дистилденген суды ғана пайдалануға болады.
- Әйтпесе, киімге дақ түсуі немесе бояуы оңып
кетуі мүмкін.
Нарықта сатылатын үтіктеу керек-жарақтарын
пайдалануға болмайды.
- Олай етсе, дұрыс жұмыс істемеуіне
байланысты күйіп қалуға немесе жаралануға
себеп болуы мүмкін.
Бұйымды ыстық температураға не ылғалға
төзе алмайтын қабырғалардың немесе
жиһаздың жанында пайдаланбаңыз.
- Солай жасау қабырғаны не жиһазды зақымдауы
мүмкін.
Қуат тұғырын сымды құбыршектен ұстап
тарту арқылы жылжытуға немесе көтеруге
болмайды.
- Олай етсе, сымды құбыршек бүлініп, электр
тоғы соғуына не өрт шығуына әкелуі мүмкін.
Сымды құбыршегі жаншылып немесе бітеліп
қалған бұйымды пайдалануға болмайды.
- Олай етсеңіз, күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
Құбыршекі жаншылып немесе бітеліп қалған
бұйымды пайдалануға болмайды.
- Әйтпесе қуат тұғырынан ыстық су ағып, еден
мен кілемді бүлдіруі немесе күйіп қалуға әкелуі
мүмкін.
Сымды құбыршегі немесе қуат сымы
шатасып қалған бұйымды пайдалануға
болмайды.
- Олай етсе, сымды құбыршек бүлініп, электр
тоғы соғуына не өрт шығуына әкелуі мүмкін.
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 5
2021/8/20 14:43:23