22
Қа
зақша
Эпиляцияжасауғаарналғанжылдамқадамдар
1
Қосу
( 23
‑
бет)
►
2
Саптаманытаңдау
( 24
‑
бет)
►
3
Эпиляция
жасау
( 24
‑
бет)
Маңыздыақпарат
ЕСКЕРТУ - Құрылғыны құрғақ күйде ұстаңыз.
•Қолданар алдында немесе қолданғаннан кейін теріңіздің таза
болғанына көз жеткізіңіз.
•Төменде көрсетілген жағдайларда дәрігерден кеңес алыңыз.
-Экзема, бөртпе, сезімтал тері, инфекция, варикоз, қант диабеті,
гемофилия, қанның нашар ұюы немесе тағы басқа теріге қатысты
жағдайларда
•Төмендегі жағдайлар теріге бактерияның түсуіне, сондай-ақ
терінің зақымдалуы мен тітіркенуіне әкеліп соғуы мүмкін.
-Суға жүзу немесе спортпен шұғылдану алдында қолдану
-Басқа адамдармен бірігіп қолдану
•Эпилятордың түктерді алуға арналған саптамасымен оның
жоғарғы бөлігін не қырынуға арналған саптамасымен оның
жоғарғы бөлігін құрылғыны қосқанға дейін жалғаған жөн. Аталған
нұсқау орындалмаған жағдайда, бұл саусақтың зақымдалуына,
түктердің айналма механизмдерде қысылып қалуына немесе
механикалық ақаулыққа әкелуі мүмкін.
•Төмендегі аталғандар сезімтал терінің зақымдалуына, жарақат
алуына, қабынуына, жараның пайда болуына, қан ағуына және
ауыр жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін.
-Эпиляциялық дискілер, теріні қорғайтын протектор, алынбалы
саптама немесе сыртқы қыру торы зақымдалған жағдайда
құрылғыны пайдалану.
-Бетке, жыныс мүшелеріне, сүйелдерге, безеулерге, жақын не
сүйел, безеу, зақымдалған жерлерге немесе бөртпелі, жарақатты
жерге және іркілдек теріге жақын немесе үстінде қолдану.
-Қал маңайында қолдану.
-Белгілі бір жерді ұзақ тазалап, ысқылау арқылы теріге қатты
қысым беру.
-Етеккір кезінде не басталуының алдында, жүктілік кезінде,
босанудан кейін бір ай ішінде қолдану.
-Ауырған кезде немесе күнге күйгенде, т. б. жағдайларда қолдану.
►
Айнымалытоқадаптерінпайдалану
•Құрылғы өзінің номиналды кернеуіне сай келетін электр қуаты
көзіне жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•Айнымалы тоқ адаптерін су қолмен розеткадан алушы немесе
оған салушы болмаңыз.
►
Эпилятордықолдану
•Желілік электр сымы не айнымалы тоқ адаптері зақымдалған
немесе қатты қызған жағдайда, немесе желілік электр сымының
айыры (вилка) розеткаға орнықсыз бекітілген жағдайда құралды
пайдалануға тыйым салынады.
•Құрылғыны құлатуға немесе ұруға болмайды, себебі алынбалы
саптама не эпиляциялық дискілер зақымдалуы мүмкін.
•Аталмыш құрылғы шектелген денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой
қабілеттіктері кем, білім және тәжірибе тапшылығы бар
адамдармен (балаларды санағанда) пайдалануға арналмаған.
Бұл адамдар құрылғыны олардың қауіпсіздігіне жауапты
адамдардың басшылығымен ғана қолданыла алады.
Балалардың құрылғымен ойнауын болдырмау керек.
•Құрылғыны 0-35 °C температурасында қолдану ұсынылады.
Егер құрылғы ұсынылған температура ауқымында қолданылмаса,
ол жұмыс істемей қалуы мүмкін.
•Аяқтың және қолдың түктерін алуға арналған саптаманы қолтық
астындағы түктерді және бикини аймағындағы түктерді алуға
қолданбаңыз.
ES-WU41_CIS.indb 22
2011/11/15 9:37:03