66
Қа
зақ
ша
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор сұйықтығы төгіліп, көздерге тисе,
көздеріңізді уқаламаңыз. Құбыр суы сияқты
таза сумен мұқият шайыңыз.
‑
Әйтпесе, көзіңіз жарақаттануы мүмкін.
Бірден дәрігерге барыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аккумулятор сұйықтығы төгіліп, теріге немесе
киімге тисе, құбыр суы сияқты таза сумен
мұқият шайыңыз.
‑
Әйтпесе, тері қабынуы туындауы мүмкін.
Маңызды ақпарат
•
Бұл электрұстараны ылғал және құрғақ қырыну кезінде
де қолдануға болады. Бұл су өтпейтін электрұстараны
душта қолдануға және қырынып болған соң сумен
шайып тазалауға болады. Төменде көрсетілген белгі
ваннада немесе душта қолдануға болатынын білдіреді.
•
Көпіршікпен ылғал қырынуды кемінде үш апта
пайдаланып көрсеңіз, өз теріңіздің өзгергенін байқайсыз.
Panasonic электрұстарасының ылғал/құрғақ режимін
қолдануды үйренуге біраз уақыт қажет, себебі сіздің
теріңіз бен сақалыңыз қырынудың жаңа әдісіне
үйренуіне шамамен бір ай уақыт қажет етеді.
•
Электрұстараны сумен тазалаған кезде, тұзды не ыстық
суды қолданбаңыз. Электрұстараны ұзақ уақытқа суға
батырып қалдырмаңыз.
•
Келесі таңба электр құрылғыны электр желісіне қосу
үшін арнайы ажыратылмалы қуатпен қамту құралы керек
екенін көрсетеді. Қуатпен қамту құралының түрі
таңбаның жанында белгіленген.
•
Құрылғыны осы пайдалану нұсқауларына сәйкес дұрыс
зарядтаңыз. (68-беттегі "Электрұстараны зарядтау"
бөлімін қараңыз.)
•
Бұл құрылғыда тек білікті маман ауыстыра алатын
аккумулятор бар. Жөндеу мәліметтері үшін өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Келесі сақтық шараларын ескеріңіз
►
Пайдалану кезінде
•
Жүйенің сыртқы торша жүйесін қатты заттарға тигізбеңіз.
Бұлай істеу жүйенің сыртқы торша жүйесін зақымдауы
мүмкін, себебі ол өте жұқа және оңай деформацияланады.
•
Жерге түсіруге немесе басқа заттарға соғуға болмайды.
Әйтпесе, жарақат алу мүмкін.
►
Сақтау кезінде
•
Электрұстараны қолданғаннан кейін құрғақ жерде
сақтаңыз.
Бұлай істемеу тоттың немесе будың жиналуынан,
ақаулық тудыруы мүмкін.
Содержание ES-LS6A
Страница 2: ...2 ...