Қазақша
40
Жиі қойылатын сұрақтар
В1. Электр желісі құрылғысын қалай қалпына келтіруге болады?
1. Электр желісі құрылғысы электр розеткасына қосылған кезде, жұптау түймесін кем дегенде
6 секунд басып тұрыңыз. Түймені босатыңыз және жарық диодты сөндіріңіз. Жарық диоды
қайта қосылған кезде, қалпына келтіру процесі аяқталады.
В2. Powerline желісінде Интернетке қолжетімділік жоғалса не істеу керек?
1. Барлық Powerline құрылғыларының бір электр желісіне қосылғандығына көз жеткізіңіз.
2. Қуаттың барлық жарық диоды қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Олай болмаса, адаптерлер мен
ұзартқыштарды қайтадан қосыңыз.
3. Құрылғылардың дұрыс әрі сенімді қосылғандығын тексеріңіз.
4. Интернет-байланысты тексеру үшін компьютерді модемге немесе бағдарғылауышқа тікелей
қосыңыз.
5. Компьютердің IP-мекенжайының бағдарғылауыштың ІР-мекенжайымен бір желішеде
екендігіне көз жеткізіңіз.
В3. Егер дұрыс бапталған байланысы бар Powerline адаптері оның орнын ауыстырғаннан
кейін жұмыс жасамаса не істеу керек?
1. Басқа розеткаға қосып көріңіз және құрылғының сол электр желісіне қосылғандығына көз жеткізіңіз.
2. Оны қайтадан жұптап көріңіз және қуат диодты шамы қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
3. Кір жуатын машинадан, салқындатқыштан немесе Powerline адаптерлеріне өте жақын
орналасуы мүмкін басқа да тұрмыстық электр құралдарынан кедергі жоқтығын тексеріңіз.
Электр техникалық құралдары кедергілерінің алдын алу үшін құрылғыны орнатылған
розеткаға қосыңыз (Powerline адаптерінде болған жағдайда).
Электр желісінің адаптері туралы көбірек білу үшін біздің веб-сайтқа кіріңіз
http://www.mercusys.com
.