
8
ҚАЗАҚША
АЯҚ КИІМ КЕПТІРГІШ MW-4102
Aяқ киім кептіргіш тұрмыстық ортада аяқ
киімді кептіруге арналған және аяқ киімді тез
және сапалы кептіруге, аяқ киімнің сыртқы
түрін жақсартуға, аяқ киім мерзімің ұзартуға,
денсаулықты сақтауға және аяқ киімнің гигие-
насын сақтауға мүмкіндік береді.
СИПАТТАМАСЫ
1. Қыздыру элементтері
2. Жарық индикаторы
3. Қуат сымы
4. Қуат сымының ашасы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
–
Құрылғыны ванна бөлмелерінде, душта,
бассейндерде және т.б. суға жақын жерде
қолданбаңыз.
–
Құрылғыны ванна бөлмесінде қолданғаннан
кейін, оны электр розеткасынан суыру
арқылы электр желісінен ажыратыңыз,
өйткені судың жақын орналасуы қауіпті.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр аспапты пайдалану алдында осы пай-
далану жөніндегі басшылықты мұқият оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал
ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құрылғыны осы басшылықта баяндалғандай,
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Құрылғыны дұрыс пайдаланбау жағдайы оның
бұзылуына әкеліп соғуы, пайдаланушыға не-
месе оның мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.
• Қосар алдында электр желісінің кернеуі
құрылғының жұмыс кернеуіне сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
• Құралды аэрозольдар себілетін неме-
се оңай тұтанатын сұйықтықтар пайдала-
натын жерлерде қосуға болмайды.
• Құрылғыны пайдаланған кезінде желілік
бауысымды толық ұзындығы бойынша
тарқатуға кеңес беріледі.
• Желілік бау:
–
ыстық заттармен жанаспауы керек;
–
жиһаздың үшкір қырлары арқылы тартыл-
мау керек;
–
құрылғыны ауыстыру үшін тұтқа ретінде
қолданбау керек.
• Ешқашан жұмыс істеп тұрған құрылғыны
қараусыз қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
және тазалау алдында міндетті түрде
электр желісінен ажыратыңыз.
• Желі бауының ашасын электр розеткасынан
шығарған кезде, желі бауынан тартпаңыз,
желі бауының ашасынан ұстаңыз.
• Құрылғы корпусын, желі бауын және желі
бауының ашасын су қолмен ұста-маңыз.
• Құрылғыны жуыну кезінде пайдаланбаңыз.
• Суға толы ваннаға немесе қолжуғышқа
түсіп кете алатын жерлерде құрылғыны іліп
қоймаңыз және сақтамаңыз, құрылғы корпу-
сын, желілік баусымды немесе желілік бау-
сым ашасын суға немесе кез-келген басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Егер құрылғы суға түсіп кетсе, желі аша-
сын электр розеткасынан дереу суырып
алыңыз, содан кейін ғана құрылғыны судан
шығаруға болады.
• Ұйқы кезінде құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Балалардың қауіпсіздігі мақсатында орау
ретінде пайдаланылатын полиэтилен
қаптарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен
ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
• Балалар аспапты ойыншық ретінде пайда-
ланбауы үшін оларды қадағалап отырыңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар
қуат сымын немесе қуат ашасын тиісу-ге
жол бермеңіз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының
маңында балалар немесе мүмкіндіктері
шектеулі адамдар болса, онда ерекше
назарда болыңыз.
• Осы құрылғы балалардың пайдалануына
арналмаған.
• Жұмыс кезінде құрылғыны балалардың
қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды
қоса алғанда) немесе оларда тәжірибесі
немесе білімі болмаса, егер олар бақы-
ланбаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін
жауап беретін тұлғамен аспапты пай-
далану туралы нұсқаулықтар берілген
болмаса, аспап олардың пайдалануына
арналмаған.
• Желі бауының бүтіндігін мезгілімен тексеріп
отырыңыз.
Содержание MW-4102
Страница 1: ...C MW 4102 17 3 6 8 11 14...
Страница 2: ......
Страница 3: ...3 C MW 4102 C 1 2 3 4...
Страница 4: ...4 www maxwell ru 50 4 3 1 2 55...
Страница 8: ...8 MW 4102 A 1 2 3 4...
Страница 9: ...9 www maxwell ru 50 4 3 1 2 55 C A 1 1 1 220 240 50 10...
Страница 10: ...10 info maxwell products ru 3 i i i i i i i i i i i i...
Страница 11: ...11 MW 4102 C 1 2 3 4...
Страница 12: ...12 www maxwell ru 50 4 3 1 2 55 C 1 1 1 220 240 50 10...
Страница 13: ...13 info maxwell products ru 3 2014 30 2014 35...
Страница 14: ...14 MW 4102 1 2 3 4...
Страница 15: ...15 www maxwell ru 50 3 4 1 2 55 1 1 1 220 240 50 10...
Страница 16: ...16 info maxwell products ru 3...