![Maxwell MW-3300 Скачать руководство пользователя страница 9](http://html.mh-extra.com/html/maxwell/mw-3300/mw-3300_manual-instruction_1746543009.webp)
9
ҚАЗАҚША
орнатылған жағдайда ғана қосуға болады. Шоңсор
ғышты іске қосар алдында шаңжинағышконтейнерде
(6) сүзгі (8) дұрыс орнатылғандығын міндетті түрде
тексеріңіз.
– Шаңсорғышты қосу үшін қосу/сөндіру (5) батырма-
сын басыңыз.
– Автокөлік салонында жинау аяқталғаннан кейін қосу/
өшіру батырмасын (5) басыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Әр пайдаланған сайын шаңсорғышты тазалап отыру
ұсынылады. Шаңсорғышты тазаламас бұрын қосу/
сөндіру батырмасын (5) басу арқылы шаңсорғышты
өшіріңіз.
Шаңжинағыш-контейнерді (6) және сүзгіні (8) тазалау
– Шаңжинағыш-контейнерді (6)
«Шаңжинағыш-
контейнерді орнату және шешіп алу (6)»
бөлімінде
сипатталғандай шешіп алыңыз
– Сүзгіні (8) шаңжинағыш-контейнерден (6) шығарып
алыңыз.
– Шаңжинағыш-контейнерден (6) жиналған шаң мен
қоқысты қоқыс шелегіне төгіңіз.
– Сүзгіні (8) және шаңжинағыш-контейнерді (6) жылы
су ағыны астында жуыңыз және мұқият кептіріңіз
(сур. 5).
– Сүзгіні (8) шаңжинағыш-контейнерге (6)
«Сүзгіні
орнату (8)»
бөлімінде сипатталғандай орнатыңыз.
– Шаңжинағыш-контейнерді бекітпесі (9) іске қосыл-
ғанға дейін шаңсорғышқа орнатыңыз (сур. 6).
Шаңсорғыш корпусы
• Шаңсорғыш корпусын аздап дымқыл, жұмсақ мата-
мен сүртіп, кейін құрғатып сүртіңіз.
• Шаңсорғыштың корпусын (3) және қоректендіру
блогын (11) суға немесе кез келген басқа
сұйықтықтарға батыруға тыйым салынады.
Шаңсорғыш корпусының ішіне сұйықтықтың тиюіне
жол бермеңіз.
• Шаңсорғышты тазалау үшін еріткіштерді және
абразивтік тазалағыш құралдарды пайдалануға
тыйым салынады.
САҚТАУ
• Шаңсорғышты ұзақ уақыт сақтауға қомас бұрын,
шаңсорғышты алдыңғы бөлімде сипатталғандай етіп
тазалаңыз.
• Шаңсорғышты салқын құрғақ жерде, балалардың
және мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ЖЕТКІЗІЛІМ ЖИНАҒЫ
Автомобиль шаңсорғыш жиынтығы – 1 дн
Саптамалар – 2 дн.
Жууға болатын сүзгі – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Кепілдік талоны – 1 дн.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Электрқоректенуі: 12 В
Номиналдық тұтынатын қуаты: 60 Вт
ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында, аспаптың және
қуаттандыру элементтерінің (егер жинақтың құрамына
кірсе) қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, оларды
күнделікті тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмай-
ды, аспап пен қуаттандыру элементтерін ары қарай кәдеге
асыру үшін мамандандырылған орындарға өткізу керек.
Бұйымдарды қайта өңдеу кезінде пайда болатын
қалдықтар белгіленген тәртіп бойынша келесі қайта
өңделетін міндетті жинауға жатады.
Берілген өнімді қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты
алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық
қалдықтарды қайта өңдеу қызметіне немесе берілген
өнімді Сіз сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Дайындаушы аспапты жақсарту мақсатында, алдынала
хабарламай, аспаптың дизайнын, конструкциясы және
оның жұмыс қағидатына әсер етпейтін техникалық
сипаттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады, соған
байланысты нұсқаулық пен бұйымның арасында кейбір
айырмашылықтар болуы мүмкін. Егер пайдаланушы
осындай сәйкессіздіктерді анықтаса, нұсқаулықтың
жаңартылған нұсқасын алу үшін сәйкессіздік тура
лы info@maxwellproducts.ru электрондық поштасына
хабарлауыңызды сұраймыз.
Құралдың қызмет ету мерзімі – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер
дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы
гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда
төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.