259
ҚАЗАҚША
БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ
►
Сурет1
1
Табан пластинасы
2
Аккумулятор қорабы
3
Сым ұстағышы
4
Адаптер қалтасы
5
Қуат түймесі
6
Аша
7
36 В (18 В x 2) құралға
арналған адаптерлер
(қосымша керек-жарақ)
8
18 В құралға арналған
адаптер (қосымша
керек-жарақ)
9
36 В - 40 В макс.
құралға арналған
адаптер (қосымша
керек-жарақ)
10
Енін реттеу белдігі
11
Бел буатын белдік
12
Иық белбеуі
13
Розетка
-
-
-
-
-
-
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Блоктың функциясын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
оның өшірулі екендігіне және аккумулятор
картриджінің алынғанына көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
блокты өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатқан немесе алған кезде, блокты және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Блокты және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап
түсіп, нәтижесінде блоктың және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жарақат алуға
әкеп соқтыруы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнату немесе алу кезінде блокты тегіс және
тұрақты бетке орналастырыңыз.
Әйтпесе
аккумулятор картриджі кездейсоқ құлап кетіп,
жарақаттауы мүмкін.
1.
Тетікті көтеріп, аккумулятор қорабының
қақпағын ашыңыз.
2.
Құлыптау түймесін басып, онымен қақпақты
құлыптаңыз.
►
Сурет2:
1.
Құлыптау түймесі
2.
Тетік
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қақпақтың құлыптау
түймесімен мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Әйтпесе қақпақ кездейсоқ жабылып қалып,
жарақаттауы мүмкін.
3.
Аккумулятор картридждерін орнатыңыз.
4.
Құлыптау түймесін босату үшін қақпақты
көтеріңіз, содан кейін оны жауып, тетікпен
құлыптаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Қақпақтың мықтап
жабылғанына және құлыпталғанына көз
жеткізіңіз.
Әйтпесе аккумулятор қорабының
ішіне су немесе жаңбыр кіріп, нәтижесінде электр
тогының соғуына немесе ақаудың пайда болуына
әкеледі.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Блокты 36 В (18 В x 2)
аккумуляторлы құрал немесе машинамен
пайдалану кезінде, 1 немесе 2 аккумулятор
портына кемінде бір аккумулятор, ал 3
немесе 4 аккумулятор портына да кемінде бір
аккумуляторды орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Блок орнатылған аккумуляторлар
арасында пайдаланылатын аккумуляторды
автоматты түрде ауыстырып қосады. Құрал
немесе машина іске қосылғаннан кейін, блок үнемі
тиісті аккумуляторды таңдайды.
ЕСКЕРТПЕ:
Блокты 18 В аккумуляторлы
құрал немесе машинамен пайдалану кезінде,
аккумулятор порттарының біріне кемінде бір
аккумулятор картриджін орнатыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы жырашықпен
туралап, оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт
еткен дыбыс естілмейінше оны орнына итеріп
салыңыз. Егер түйменің жоғарғы жағында қызыл
индикатор көрініп тұрса, демек ол толығымен
құлыпталмаған.
►
Сурет3:
1.
Аккумулятор порты
2.
Аккумулятор
картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны блоктан
сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей
етіп, толығымен орнатыңыз.
Олай жасамаған
жағдайда, ол блоктан кездейсоқ түсіп қалып, сізді
немесе айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Содержание PDC01
Страница 2: ...1 2 4 5 6 7 8 10 11 12 13 3 3 9 Fig 1 2 ...
Страница 3: ...1 2 Fig 2 1 2 3 4 2 1 Fig 3 1 2 Fig 4 1 2 Fig 5 1 Fig 6 1 2 Fig 7 2 1 Fig 8 3 ...
Страница 4: ...1 2 3 Fig 9 1 3 2 Fig 10 1 Fig 11 1 Fig 12 1 Fig 13 1 Fig 14 1 Fig 15 4 ...
Страница 5: ...1 Fig 16 1 Fig 17 2 1 Fig 18 1 2 3 Fig 19 1 Fig 20 1 Fig 21 1 Fig 22 5 ...
Страница 6: ...1 Fig 23 Fig 24 Fig 25 1 Fig 26 1 Fig 27 1 Fig 28 Fig 29 1 2 Fig 30 6 ...
Страница 7: ...1 2 Fig 31 1 2 Fig 32 1 2 Fig 33 1 2 Fig 34 1 Fig 35 1 Fig 36 7 ...
Страница 8: ...8 1 2 Fig 37 1 Fig 38 ...
Страница 327: ...327 ...