180 ҚАЗАҚША
БӨЛШЕКТЕР СИПАТТАМАСЫ
►
Сурет1
1
Тасымалдау тұтқасы
2
Жарықтық индикаторы
3
Жарықтықты өзгерту түймесі
4
Қуат ауыстырып-қосқышының
түймесі
5
Шам аймағын өзгерту түймесі
6
Аспалы құлыпқа арналған
саңылау
7
Аккумулятор қақпағы
8
Қақпақ кілті
9
Қуат сымы
10
Қуат сымына арналған ілгіш
11
Бастиек қақпағы
12
АТ розеткасы
13
Ажыратқыштың қайта іске қосу
түймесі
14
АТ кірісі
-
-
ЕСКЕРТПЕ:
Қуат сымының аша пішімі әр елде әртүрлі болуы мүмкін.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құрылғының
функциясын реттеу немесе тексеру алдында,
әрдайым құрылғының өшірулі екеніне және
аккумулятор картриджінің шығарылғанына көз
жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым
құрылғыны өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатқан немесе алған кезде құрылғыны және
аккумулятор картриджін мықтап ұстаңыз.
Құрылғыны және аккумулятор картриджін мықтап
ұстамағаннан олар қолыңыздан сырғанап түсіп,
нәтижесінде құрылғының және аккумулятор
картриджінің зақымдалуына және жеке жарақат
алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор
картриджін жүктеу кезінде құрылғы мен
аккумулятор арасында, сонымен қатар
аккумулятор қақпағын жабу кезінде құрылғы
мен аккумулятор қақпағының арасында
саусағыңызды қысып алмаңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін құлыптау
қақпағын босатып, аккумулятор қақпағын ашыңыз.
►
Сурет2:
1.
Қақпақ кілті
2.
Аккумулятор қақпағы
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз.
Содан кейін аккумулятор қақпағын жабыңыз.
►
Сурет3:
1.
Түйме
2.
Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін шығару үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғыту арқылы оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
әрқашан толық бекітіңіз.
Әйтпесе ол
құрылғыдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
ЕСКЕРТПЕ:
Екі аккумулятор картриджін орнатуға
болады, бірақ құрылғы жұмыс істеу үшін бір
аккумулятор картриджін пайдаланады.
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету
Тек индикаторы бар аккумулятор картриджіне
арналған.
►
Сурет4:
1.
Индикатор шамдары
2.
Тексеру түймесі
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін
басыңыз. Индикатор шамдары бірнеше секунд
жанып тұрады.
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.