![Makita BL1055B Скачать руководство пользователя страница 140](http://html.mh-extra.com/html/makita/bl1055b/bl1055b_instruction-manual_223103140.webp)
140
ҚАЗАҚША
6.
Желдеткіші бар күрте/кеудешеге арналған
адаптер кабелі (қосымша керек-жарақ)
Жоғарыда көрсетілген A тобының желдеткіші бар
күртесін/кеудешесін пайдаланған кезде адаптер
кабелін қолданыңыз.
7.
Қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғыға
арналған адаптер кабелі (қосымша керек-жарақ)
Жоғарыда көрсетілген A тобының қыздырылатын
күртесін/кеудешесін/жамылғысын пайдаланған кезде
адаптер кабелін қолданыңыз.
8.
Күрте/кеудеше/жамылғының ұяшығы
Желдеткіші бар күрте/кеудешеге немесе
қыздырылатын күрте/кеудеше/жамылғыға арналған
үйлесімді адаптер кабелін жалғаңыз. Розетканың
пішіні мен орналасқан жері күрте/кеудеше/
жамылғыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
9.
USB кабелі
Аккумуляторды зарядтауға арналған USB кабелін
қолданыңыз.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Аккумуляторды зарядтау
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Зарядтау кезінде USB
коннекторын аккумуляторға мықтап жалғаңыз.
Бос күйде жалғау түтінге, өртке және адамның
жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Зарядтау барысында
аккумулятордың қуат ұяшығына қандай да бір
жабдықты жалғамаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Зарядтағаннан кейін USB
кабелін аккумулятордан ажыратыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Алғаш рет қолдану
алдында аккумуляторды қуаттау керек.
Зауыттан жеткізілетін аккумулятордың қуаты
жеткіліксіз болады, қуатталмай пайдаланылса,
аккумулятордың қорғау жүйесі істеуі мүмкін.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Аккумуляторға
айнымалы токтан қуат алу блогы қосылған
кезде, құрал немесе жабдық іске қосылмайды.
Мұндай жағдайда айнымалы токтан қуат алу
блогын аккумулятордан алып тастаңыз.
USB порттың қақпағын ашыңыз. Аккумулятор
мен ADP07 АТ қуат адаптерін (жиынтықпен бірге
жеткізілмейді) немесе басқа әдеттегі USB зарядтау
құралын аккумулятормен бірге берілген USB
кабель арқылы жалғаңыз. Әдеттегі USB зарядтау
құрылғысының ұсынылған шығыс қуаты 5 В / 2,4 А
немесе одан төмен болады. Осыдан кейін ADP07 АТ
қуат адаптерін розеткаға жалғаңыз. Зарядтап болған
соң, бүкіл аккумулятор қуатының индикаторы жанып,
белгілі уақыттан кейін сөнеді. АТ қуат адаптерін және
USB кабельді ажыратып, қақпақты жабыңыз.
►
Сурет2:
1.
ADP07 айнымалы токтан қуат алу
блогы
2.
BL1055B аккумуляторы
3.
Қақпақ
4.
USB кабелі
Индикатор шамының мағынасы
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
(Шамдар белгілі бір уақыттан кейін өшеді.)
100%
(зарядтап
болды)
50–100%
25–50%
0% - 25%
Аккумулятордың қалған қуатын
көрсету
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
Аккумулятор ажыратылған кезде қуат түймесін
басыңыз. Аккумулятор қуатының индикаторы
бірнеше секунд жанып тұрады.
►
Сурет3:
1.
Аккумулятор қуатының индикаторы
Индикатор шамының мағынасы
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
50–100%
25–50%
10–25%
10%-дан
кем
Аккумулятор
ақаулығы
Содержание BL1055B
Страница 2: ...2 A B 6 7 8 4 5 2 1 3 9 Fig 1 1 3 4 2 Fig 2 1 Fig 3 1 2 Fig 4 ...
Страница 179: ...179 ...