![Makita 191E07-8 Скачать руководство пользователя страница 76](http://html.mh-extra.com/html/makita/191e07-8/191e07-8_instruction-manual_222594076.webp)
76
ҚАЗАҚША
Қабырғаға бекіту
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысын қабырғаға екі бұрандамен іліп, басқа бұрандамен бекітіңіз.
Әйтпесе зарядтау құрылғысы құлап, ауыр жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Қабырғаға бекіту жұмыстарын жүргізбес бұрын, әрдайым зарядтау құрылғысының
ажыратылғандығына және зарядтау құрылғысынан аккумулятордың алынғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Осы нұсқаулықта берілген қадамдарды орындаңыз және барлық процедураларды
бірден орындаңыз. Егер жұмысты жартылай аяқталған күйінде тоқтатсаңыз, зарядтау құрылғысы
құлап, жарақаттауы немесе зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Бұрандалардың мықтап бұралғанын мерзімді түрде тексеріп отырыңыз. Әйтпесе
бұрандалар босап, зарядтау құрылғысы құлап қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Зарядтау құрылғысының клемма бөліктерін тұрақты түрде шаң сүрткіш, т.б. арқылы
тазалаңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Зарядтау құрылғысын бекітетін қабырғаны мұқият таңдаңыз; қабырға
орнықты болуы керек. Бекіту және зарядтау жұмыстарына кедергі жоқтығына көз жеткізіңіз.
Зарядтау құрылғысы мен аккумулятордың жалпы салмағы — шамамен 2,1 кг (4,6 фунт). Қажет
болса, қабырғаға сәйкес арматура орнатыңыз.
Зарядтау құрылғысын қабырғаға бекітуге болады. Суретте көрсетілгендей, зарядтау құрылғысының
айналасында бос орын қалдырыңыз.
►
Сурет4
ЕСКЕРТПЕ:
Дайындау қажет заттар:
— Екі бұранда - зарядтау құрылғысын ілу үшін
Бұранда өлшемі: 4,0 мм x 20 мм-ден артық.
Бұранда басының өлшемі: ø9,0 мм-ден аз және қалыңдығы 3,5 мм-ден аз.
— Бір бұранда (4,0 мм x 25 мм-ден артық) - зарядтау құрылғысын бекіту үшін.
— Құралдар - бұрандаларды бұрау үшін
1. Қабырғаға ілуге арналған екі бұранданы бекітіңіз.
2. Зарядтау құрылғысын артындағы ілгегі арқылы қабырғаға іліңіз.
►
Сурет5
3. Зарядтау құрылғысының басындағы бекіткіш бұранданы қысу арқылы зарядтау құрылғысын бекітіңіз.
►
Сурет6
Содержание 191E07-8
Страница 2: ...Fig 1 Fig 2 2 1 1 Fig 3 2 ...
Страница 3: ...50 mm 50 mm 250 mm 180 mm 90 mm Fig 4 2 ۺ 20 mm ٛø9 mm ٛ3 5 mm 4 mm 5 0 mm Fig 5 3 ...
Страница 4: ...4 1 ۺ 25 mm 4 mm Fig 6 ...
Страница 91: ...91 ...