208
ҚАЗАҚША
•
Қызып кетуден қорғаныс: Құрылғы қызып кетсе,
ол автоматты түрде тоқтайды. Оны қайта іске
қосу алдында суытып алыңыз.
•
Зарядтың шамадан тыс таусылуынан қорғаныс:
Аккумулятордың қалған қуаты төмен болған
кезде, құрылғы автоматты түрде тоқтайды.
Ауыстырып-қосқыштары істеп тұрса да,
құрылғы жұмыс істемесе, аккумулятор
картриджін құрылғыдан шығарып алып, оны
зарядтаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Желдеткішті қосу/тоқтату
Желдеткішті іске қосу үшін қуат ауыстырып-қосқышының
түймесін басыңыз. Желдеткішті өшіру үшін қуат
ауыстырып-қосқышының түймесін қайтадан басыңыз.
Ауа ағынының жылдамдығын
өзгерту
Желдеткіш жұмыс істеп жатқанда, ауа ағынының
жылдамдығын өзгерту түймесін басыңыз. Түймені
басқан сайын, ауа ағынының жылдамдығы артады.
Жоғары жылдамдықта пайдалану кезінде ауа
ағынының жылдамдығы ең төменгі жылдамдығына
қайтып оралады. Аккумуляторлы желдеткіш алдыңғы
параметрдегідей жылдамдықпен іске қосылады.
►
Сурет5:
1.
Ауа ағынының жылдамдығын өзгерту
түймесі
Желдеткіш бастиегінің бұрышын реттеу
Желдеткіш бастиегінің бұрышын қолмен реттеуге болады. Желдеткіш бастиегінің реттелетін ауқымы төмендегі
суретте көрсетілген.
►
Сурет6
НАЗАР САЛЫҢЫЗ:
Желдеткіш бастиегін реттелетін ауқымнан тыс бұрамаңыз.
Желдеткіш бастиегінің тербелісі
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Желдеткіш бастиегінің
тербелісі кезінде оның қозғалыс ауқымындағы
кедергілерді алып тастаңыз. Аккумуляторлы
желдеткіш тербеліс әсерінен қозғалып, құлап түсуі
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Тербелісті тоқтату үшін
желдеткіш бастиегін ұстамаңыз. Тоқтату үшін
әрдайым тербеліс түймесін басыңыз.
Желдеткіш бастиегін тербелту үшін тербеліс
түймесін басыңыз. Тербелісті тоқтату үшін түймені
қайтадан басыңыз. Тербеліс түймесі басылған кезде,
желдеткіш бастиегі ағымдағы орнынан тербеле
бастайды. Желдеткіш бастиегі 90 градус бұрыш
ауқымында тербеледі.
►
Сурет7:
1.
Тербеліс түймесі
ЕСКЕРТПЕ:
Желдеткіш бастиегінің орнына
байланысты, тербеліс механизмінің әсерінен,
тербеліс түймесін басқан кезде желдеткіш бастиегі
бірден тербелмеуі мүмкін.
Автоматты түрде өшетін таймер
Желдеткіш жұмыс істеп жатқанда, автоматты түрде
өшетін таймер түймесін басыңыз. Автоматты түрде
өшетін таймерді белсендіру ұзақтығы түймені әр
басқан сайын өзгеріп отырады (1 сағат/2 сағат/4
сағат/өшірулі). Автоматты түрде өшетін таймер
индикаторы желдеткішті өшіру үшін қалған сағатты
көрсетеді. Автоматты түрде өшетін таймер
индикаторы уақытпен бірге өшіріледі.
►
Сурет8:
1.
Автоматты түрде өшетін таймер түймесі
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятор картриджінің түріне және
оның қалған қуатына байланысты, автоматты
түре өшетін таймер орнатылған уақыттан ертерек
қосылуы мүмкін.
АТ адаптерін пайдалану
ЕСКЕРТУ:
Құрылғының сымы немесе ашасы
зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Ашаны дымқыл немесе лас қолмен
ұстамаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Қуат электр желісі арқылы
қамтамасыз етілген кезде, АТ адаптерін
құрылғыдан ажыратылған күйінде қалдырмаңыз.
Кішкентай балалар ашаны ауыздарына салып,
жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
Электр желісіне қосулы ашаны
немесе сымды аузыңызға салмаңыз. Ток соғуы
мүмкін.
АТ адаптерінің 15 В ТТ ашасын 15 В ТТ бастиегіне
жалғаңыз, содан кейін АТ істіктерін желілік қуат
көзіне қосыңыз. Желілік қуат көзінің номиналды
кернеуі адаптердің номиналды кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
►
Сурет9
Содержание 0088381883894
Страница 2: ...1 3 2 4 6 5 7 8 9 Fig 1 1 3 2 Fig 2 Fig 3 1 2 Fig 4 1 Fig 5 2 ...
Страница 3: ...90 90 90 45 Fig 6 1 Fig 7 1 Fig 8 Fig 9 1 Fig 10 3 ...
Страница 4: ...4 1 Fig 11 Fig 12 ...