
268
ҚАЗАҚША
Кескіш жүз жерге параллель болатындай етіп
машинаны ұстаңыз. Кескіш жүз жерге және қатты
нысандарға тимеген кезде, машинаны іске қосыңыз.
Кесілетін шөп үшін машинаны қажетті айналу
жылдамдығына реттеңіз. Кесілген шөп төмен айналу
жылдамдығынан кесу жүздеріне оралып қалуы мүмкін.
Шөпті кесу үшін, машинаны шалғы сияқты оңнан
солға жарты шеңбер бойымен бір қалыпты сілтеңіз.
Кесетін шөпке қарай сілтеу жылдамдығын реттеңіз.
►
Сурет9
ЕСКЕРТПЕ:
үстіңгі және астыңғы жүзі бір-біріне
қарама қарсы бағытта айналады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
ЕСКЕРТУ:
жабдықты тексеру немесе
техникалық қызмет көрсету алдында, моторды
өшіріп, оталдыру білтесінің қақпағын немесе
аккумулятор картриджін алып тастаңыз.
Әйтпесе кескіш құрал немесе басқа бөлшектер
қозғалып кетіп, ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
жабдықты тексергенде
немесе оған техникалық қызмет көрсеткенде,
жатқызыңыз.
Жабдықты тік күйінде жинау немесе
реттеу ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ:
қауіпсіздік бойынша
ескертулерге арналған бөлімдегі және қуат
көзі блогының пайдалану нұсқаулығындағы
ескертулер мен сақтық шараларды
орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Жанармайды,
бензинді, сұйылтқышты, спиртті немесе соған
ұқсас заттарды ешқашан пайдаланбаңыз.
Нәтижесінде түссіздену, бүліну немесе
жарықтар пайда болуына әкелуі мүмкін.
Өнімнің ҚАУІПСІЗДІГІ мен СЕНІМДІЛІГІН қамтамасыз
ету үшін, жөндеу жұмыстары, кез келген басқа
техникалық қызмет көрсету немесе реттеу әрдайым
Makita қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы Makita
компаниясының өкілетті немесе зауыттық қызмет
көрсету орталықтары тарапынан орындалуы керек.
Жалпы тексеріс
•
Босап қалған болттарды, сомындарды және
бұрандаларды бекітіңіз.
•
Зақымдалған бөлшектер мен жүздердің бар-
жоғын тексеріңіз. Қажет болса ресми қызмет
көрсету орталығына хабарласып, оларды
ауыстырыңыз.
Құралды тазалау
Қондырма шаңын, балшығын немесе шөп
қалдығын құрғақ шүберекпен немесе сабынды суға
батырылған шүберекті сығып алып тазалаңыз.
Кескіш жүзге жабысып қалған шөпті немесе
қалдықтарды алып тастаңыз.
Кескіш жүздерді босатып алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
кескіш жүздерді
босатып алғанда, әрдайым қорғаныш
қолғабын киіңіз.
Кескіш жүздерді тазалағанда, қайрағанда немесе
ауыстырғанда, оларды келесі процедура арқылы
босатып алыңыз:
1.
Жүз қақпағын алыңыз.
2.
Тұқыр кілтті сомынға орнатыңыз. Астыңғы
жүз саңылауы үстіңгі жүз саңылауымен сәйкес
келетіндей етіп тұқыр кілтті бұраңыз.
►
Сурет10:
1.
Тұқыр кілт
2.
Астыңғы жүздегі саңылау
Үстіңгі жүздегі саңылаудың тураланғанын тексеру
үшін төменгі жүздің саңылауын қараңыз. Үстіңгі
жүзде істіктер және екі түлі саңылау бар; толық
шеңбер және сопақ. Үстіңгі жүздегі толық шеңбер
саңылауды астыңғы жүздегі саңылаумен туралаңыз,
содан кейін алты қырлы болтты салыңыз.
►
Сурет11:
1.
Астыңғы жүздегі саңылау
2.
Үстіңгі
жүздегі толық шеңбер саңылау
3.
Үстіңгі жүздегі сопақ саңылау
4.
Істік
►
Сурет12:
1.
Астыңғы жүз
2.
Үстіңгі жүз
3.
Алты
қырлы кілт
ЕСКЕРТПЕ:
Төмендегі ақпаратты басшылыққа ала
отырып, үстіңгі жүздегі толық шеңбер саңылауын таңдаңыз:
•
Астыңғы жүзді сағат тіліне қарсы бағытта
айналдырғанда, толық шеңбер саңылауы
істіктен кейін шығады.
•
Сопақ саңылау астыңғы жүздегі саңылаумен
тураланғанда, алты қырлы кілтті енгізуге
болады, бірақ ол жерде бос жүрісі көп болады.
•
Істік астыңғы жүздегі саңылаумен
тураланғанда, істіктегі бұранда ойығын
көруге болады. Мұндай жағдайда, алты
қырлы болтты толық орнату мүмкін емес.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
тұқыр кілтті
айналдырғанда, саусақтарыңызды жүзіне
қоймаңыз.
Тұқыр кілтті айналдырған сайын жүздер де
айналады және ол дене жарақатына әкелуі мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
үстіңгі және астыңғы
жүздердегі саңылауларды туралағанда, үнемі
тұқыр кілтті пайдаланыңыз.
3.
Алты қырлы болтты енгізгенде, болтты босату
үшін тұқыр кілтті пайдаланып, болтты сағат тілі
бағытымен бұраңыз.
►
Сурет13:
1.
Тұқыр кілт
2.
Алты қырлы кілт
4.
Болтты, қысқышты, шайбаны және ұстағышты
астыңғы жүзбен бірге алыңыз.
►
Сурет14:
1.
Бұрандама
2.
Қысқыш шайбасы
3.
Ұстағыш (астыңғы жүзге арналған)
4.
Астыңғы жүз
5.
Үстіңгі жүзді баса отырып, оны суретте
көрсетілгендей етіп істікке орналастыру үшін сағат
тіліне қарсы бағытта айналдырыңыз. Содан кейін,
алып тастау үшін үстіңгі жүзді ұстағыштан көтеріңіз.
►
Сурет15:
1.
Үстіңгі жүз
2.
Ұстағыш (үстіңгі жүзге
арналған)
3.
Істік
Содержание 0088381572132
Страница 2: ...11 1 Fig 1 12 1 2 3 4 11 10 9 8 Fig 2 1 2 3 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 4 Fig 3 1 2 Fig 4 1 Fig 5 2 ...
Страница 3: ...1 2 3 Fig 6 1 Fig 7 Fig 12 3 1 2 Fig 8 Fig 9 1 2 Fig 10 1 1 2 2 3 4 Fig 11 1 2 3 Fig 12 3 ...
Страница 5: ...1 2 3 Fig 21 1 2 3 Fig 22 1 2 3 Fig 23 1 2 4 3 Fig 24 2 1 Fig 25 1 2 Fig 26 1 Fig 27 Fig 28 5 ...
Страница 6: ...1 Fig 29 Fig 30 6 ...