7. Шамшырақтарды желіге жалға үшін шамшырақтың корпусына бекітпе тақтайшаларды
орнату керек (бөлек жеткізіледі). Егер бұрыштық байланыстыру керек болса, онда бекітпе
тақтайшалардың көмегімен бұрыштық алюминий байланыстырғыш орнатылады (бөлек
жеткізіледі).
8. Шамшырақты дайындалған аспаларға кигізу керек. Бекітпе тақтайшалары бекітілген
немесе бұрыштық алюминий байланыстырғышпен келесі шамшырақты корпустардан желіні
құрастыра отырып, асылған шамшыраққа жалғау керек.
9. Желілік сымды клеммалы қалыпқа көрсетілген полярлылыққа сәйкес жалғау керек.
10. Желіні құрастырған кезде, желілік сым бірінші шамшырақтың коннекторына жалғанады
(желідегі мүмкін болатын шамшырақтың ең көп санын ескеру керек). Ары қарай
шамшырақтардың клеммалы қалыптары полярлылықты сақтай отырып, өзара бір-бірімен
кабель кесінділерімен жалғанады.
11. Желінің шеттерін шеткі қақпақтармен жабу керек (бөлек жеткізіледі).
12. Алюминий қақпақтарды орнату керек.
13. Шамшырақты тіреуішке орнату керек:
17