RUS
Данный паспорт доступен для скачивания на сайте www.ltcompany.com в разделе «ПРОДУКЦИЯ»
ENG
You are welcome to download the passport in the PRODUCT section on our web-site www.ltcompany.com
KAZ
Бұл төлқұжаты сiз www.ltcompany.com сайтынан, «ӨНІМДЕР» бөлімінен жүктеп аласыз
BLR
Дадзены пашпарт даступны для запампоўкі на сайце www.ltcompany.com ў раздзеле «ПРАДУКЦЫЯ»
UKR
Электронна версія паспорту доступна на сайті www.ltcompany.com в розділі «ПРОДУКЦІЯ»
7
«Жарық технологиялары» Зауыты» ЖШҚ
ARCTIC шамдалы (әмбебап)
ТӨЛҚҰЖАТ
1. Тағайындалуы
1.1. Төбеге арналған, түтікті люминесцентті нұршамдары (цоколь G13 немес G5) бар ARCTIC сериясының шамдалы ылғалдылығы жоғары ғимараттарды жарықтандыруға арналған
және 220 В (±10%), 50 Гц (±0,4 Гц) айналмалы токтың желісінде жұмыс істеу үшін есептелген. Тұрақты немесе айналмалы ток желісінде (AC/DC) жұмыс істеуге арналған шамдал
түрлері үшін қорек көзінің параметрлері: 220 В (±10%), токтың жиілігі 0 немесе 50 Гц (±0,4Гц). Апаттық қуаттандыру блогы бар шамдалдардың үлгілерінде апаттық жағдайда ток
ажыратылған кезде бір лампаның жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі, батарея лампаны кемінде 3 сағат бойы жұмыс істетеді. Бұл ретте лампаның ағыны көрсетілгеннің 12%-ын
құрайды. Электр энергиясының сапасы МЕМСТ 54149-2010-ге сәйкес болуы керек.
1.2. Шамдал ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты құрал-жабдықтың қауіпсіздігі туралы», ТР ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі» қауіпсіздік
талаптарына сәйкес келеді.
1.3. МЕМСТ 15150-69 бойынша орташа салқын климат2 (ОСК2)* орындауында шығарылатын шамдалдар үшін қоршаған ауаның төменгі жұмыс температурасының мәні –20°С.
1.4. Шамдал МЕМСТ14254-14254-96 бойынша IP65 қорғану деңгейіне сәйкес келеді.
1.5. МЕМСТ 17516-1-90 бойынша шамдал М2 механикалық орындау тобына сәйкес келеді.
1.6. Корпус пен шашыратқыш полимерлік материалдан жасалған.
2. Техникалық сипаттамалар
2.1. Токтың жиілігі, Гц
50
2.2. Нақтылы кернеуі, В
220
2.3. ПӘК, %
>70
2.4. Электрлік токпен зақымдалудан қорғану класы
I/II
(II қорғаныс класындағы шамдалдарға жерге тұйықтау сымын жалғамаңыз)
3. Жеткізілім жиынтығы
Шамдал (лампасыз), дана
1
Орам, дана
1
Төлқұжат, дана
Стартерлер (лампалардың саны бойынша
ІҚРА бар шамдалдарға арналған), дана
1
Герметикалық оқшаулағыш, дана
2
Сомын, М6, дана
2
Резіңке сомын, дана
2
Темір арқанға ілінетін ARCTIC (2) бекіту жиынтығы (жеке
тапсырыс бойынша жеткізіледі), дана.
1
4. Қауіпсіздік техникасы бойынша талаптар
Шамдалды орнатуды, тазалауды және құрамдас бөліктерін (лампалар) ауыстыруды тек қуат көзін өшіріп орындаңыз.
Шамдал қалыпты тұтанатын материалдан жасалған төбеге, сонымен қатар аспаларға тікелей орнатылуы мүмкін.
5. Өнімнің құрамы
Шамдал шыны талшықтарымен күшейтілген полиэстерден жасалған сұр түсті корпустан тұрады. SAN полимерлік материалынан немесе поликарбонаттан жасалған шашыратқыш
полиамидтен жасалған ілгектермен бекітіледі (тапсырыс бойынша тот баспайтын болаттан жасалған ілгектер жиынтығын алуға болады). Корпусқа қосып-ажыратуды реттейтін
аппарат, сымдар және люминесценттік лампаларға арналған патрондар бекітілген металл тақташа ілінеді.
6. Пайдалану ережесі мен орнату
6.1. Шамдалды пайдалану «Тұтынушылардың электрлік қондырғыларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
6.2. Орамнан алынған шамдалдан шашыратқышты алыыңыз, орнату панелін суырып алыңыз.
6.3. Шамдалды орнату.
6.3.1. Бекітілетін бетке орнату: төбе беті мен шамдал корпусына орнату тесіктерін бұрғылаңыз (тесіктердің орталары арасындағы арақашықтық – 440 мм- ARCTIC 18 Вт, 930 мм –
ARCTIC 36 Вт, 1230 мм – ARCTIC 58 Вт). Корпусты бекіткіштер орынын резіңке тығырықтармен тығыздап, тіректік бетке бекітіңіз
6.3.2. Аспаларда орнату:
шамдалдың корпусында орнату тесіктерін бұрғылап тесіңіз, рым-болттарды, металлды және резіңке тығырықтарды қойыңыз және оларды бұрандалармен
бекітіңіз (Arctic (2) бекіткіш жиынтығының құрамына кіреді). Корпусты аспаларда бекітіңіз.