7
KK
Техникалық қауіпсіздік
•
Рұқсаты жоқ адамдардың орнатуы мен жөндеу жұмыстары
сізге немесе басқаларға зақым келтіруі мүмкін.
•
Нұсқаулықтағы ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс
және дұрыс тексеру құралдарымен жабдықталған техникалық
қызмет көрсету маманы пайдалануға арналған.
•
Нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды оқымау немесе
орындамау құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне, зақымдауға
және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.
•
Құрылғы жергілікті жалғау ережелеріне сәйкес орнатылуы
керек.
•
Қуат сымы ауыстырылатын кезде ол жұмысты тек рұқсаты бар
маман істеуі керек және түпнұсқа бөлшектермен ауыстырылуы
керек.
•
Құрылғы электр тогының соғу қаупін азайту үшін жерге дұрыс
жалғануы керек.
•
Ашадағы жерге жалғанатын істікті кесіп алып тастамаңыз.
•
Адаптерді қабырғалық розетка қақпағының бұрандасына
жалғау құрылғыны қақпақтың бұрандасы темір болмай,
оқшауланбаған және қабырғалық розетка іштегі сым арқылы
жалғанған жағдайда жерге жалғанбайды.
•
Егер ауа кондиционерінің жерге дұрыс жалғануына
күмәндансаңыз, қабырғалық розетка мен ажыратқышты электр
маманына тексертіңіз.
•
Құрылғыда пайдаланылатын мұздатқыш агент пен оқшаулағыш
газ арнайы тастау процедуларын қажет етеді. Оларды
тастамас бұрын қызмет көрсету агентіне немесе ұқсас маманға
хабарласыңыз.
•
Егер қуат сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу үшін оны
өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенттері немесе ұқсас
мамандар ауыстыруы керек.