6
• Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап
пайдаланыңыз. Қажет болмаса, антеннаға
тимеңіз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті
пайдаланбаңыз, ұстамаңыз және алуға немесе
жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде
қолданбағаннан болған әйнектегі зақымдар
кепілдікпен жөнделмейді.
• Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін
электрондық құрылғы болып табылады. Ұзақ
уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан
терімен тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты
немесе болмашы күйікті тудыруы мүмкін.
Сондықтан, телефонды пайдалану барысында
немесе әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң
сақтаңыз.
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер
ететін кедергілер болуы мүмкін.
• Телефонды рұқсатсыз медициналық
жабдықтардың жанында пайдаланбаңыз.
Телефонды кардиостимулятордың жанына,
мысалы, төс қалтада орналастырмаңыз.
• Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына
кедергі жасайды.
• Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио
құралдарына, компьютерлерге, т.б. әсер етуі
мүмкін.
• Мүмкін болса, телефонды 0ºC және 40ºC
аралығындағы температурада пайдаланыңыз.
Телефонға аса төмен немесе жоғары
температуралардың әсер етуі нәтижесінде зақым
келуі, жұмыс бұзылуы немесе тіпті жарылыс
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар