4
Камера
Камера қолданбасын ашу үшін басты экрандағы
Камера
түймесін
түртіңіз.
Көрініс іздегішпен танысу
Масштаб
– ұлғайту немесе кішірейту.
Дыбыстық ысырма
– дауыстық пәрмен сияқты суретке түсіруге мүмкіндік
береді. Суретке түсіруге дайын болғанда «Cheese» деп айтыңыз.
Жарықтық
– бұл бейнеге енетін күн жарығының мөлшерін анықтайды
және басқарады.
Жарқыл
– Қараңғыда суретке түсіргенде автоматты түрде жарқылға
ауысады.
Баптаулар
– Параметрлер мәзірін ашу үшін осы белгішені түртіңіз.
Бейне режимі
– бейне режиміне өту үшін осы белгішені түртіңіз.
Түсіру
– суретке түсіреді.
Галерея
– соңғы түсірілген фотосуретті көру үшін түртіңіз. Бұл галереяға
кіріп, камера режимінен сақталған фотосуреттерді көруге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ:
жад сыйымдылығы түсіру жеріне немесе түсіру жағдайына
байланысты өзгеше болуы мүмкін.