
ҚАЗАҚША
6
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
y
Өнімге су сеппеңіз немесе өртенгіш заттармен сүртпеңіз
(еріткіш немесе бензол). Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
y
Өнімнің соғылуына немесе бір нәрселердің үстіне құлап кетуін
болдырмаңыз немесе экранын ұрмаңыз.
Жарақаттануыңыз немесе өнім зақымдалуы мүмкін.
y
Өнімді немесе оның антеннасын ешқашан найзағай немесе
дауыл кезінде ұстамаңыз.
Сізді электр тогы соғуы мүмкін.
y
Қабырға розеткасын, онда газ жылыстауы орын алса
ұстамаңыз. Терезені ашып, бөлмені желдетіп алыңыз.
Бұл өрт шығуына немесе ұшқын пайда болуына әкелуі мүмкін.
y
Өнімді өз бетіңізше бөлшектеуші, жөндеуші немесе өзгертуші
болмаңыз.
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Тексерту, калибрлеу немесе жөндету үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
y
Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, өнімді
дереу ажыратып, жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
- Өнімге соққы әсер етті
- Өнім зақымдалды
- Өнімге бөгде заттар кірді
- Өнімнен түтін немесе оғаш иіс шықты
Бұл өрт шығуына немесе электр тогы соғуына әкелуі мүмкін.
y
Егер өнімді ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, қуат кабелін
өнімнен ажыратып тастаңыз.
Шаңның жиналуы өрт шығуына немесе изоляцияның бұзылуы
токтың жылыстауына, электр тогының соғуына немесе өртке
әкелуі мүмкін.
y
Аппаратқа су тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс
немесе оның үстіне ваза секілді су құйылған заттарды қоюға
болмайды.