10
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе
жуыну бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде
қалдырмаңыз.
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз:
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
•
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда
болады.
•
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics
компаниясының ең жақын қызмет көрсету орталығына немесе
дилеріне апарып, көмек алуға болады.
•
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат
тұтынуын болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан
ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және
қоршаған ортаға байланысты болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы
заттардың батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы
мүмкін.
Содержание H522Y
Страница 1: ...www lg com MFL69289901 1 0 User Guide LG H522Y ENGLISH РУССКИЙ УКРАЇНСЬКА ҚАЗАҚША ...
Страница 2: ......