89
Баптаулар
Сақтау орны
Құрылғыдағы пайдаланылған және қолжетімді ішкі жадыны
бақылауға болады.
Батарея
•
Батареяны қолдану:
батареяны қолдануды көру.
•
Күй жолағындағы батарея қуатының пайызы
: батарея
белгішесінің жанындағы күй жолағынан батарея зарядының
пайыздық көрсеткішін көрсету үшін белгілеңіз.
•
Батарея сақтаушы
: қосу немесе өшіру үшін Батарея
сақтаушы қосқышын түртіңіз. Батарея сақтаушыны автоматты
түрде қосатын батарея зарядының пайыздық деңгейін
орнатады. Мыналардың бірін таңдаңыз:
Дереу, 5% батарея
және
15% батарея
.
•
Анықтама
: батареяны үнемдеу элементтері туралы
ақпаратты көрсетеді.
Қосымшалар
Телефонға орнатылған қосымшалар туралы мәліметтерді көруге,
олардың деректерін реттеуге және оларды тоқтатқызуға мүмкіндік
береді.
Әдепкі хабар алмасу қолданбасы
Бұл мәзір әдепкі хабарлар қосымшасы ретінде қолданылатын
хабарлар қосымшасын таңдауға мүмкіндік береді.
Сақтық көшірме және қайта орнату
Параметрлер мен деректерді басқару үшін параметрлерді
өзгертіңіз.
•
Деректерге резервтік көшірме жасау
: Google серверлеріне
қосымша деректері, Wi-Fi құпия сөздері мен басқа
параметрлердің сақтық көшірмелерін жасау.
•
Сақтық көшірме тіркелгісі:
ақпаратты сақтық көшіруге
пайдаланылатын ағымдағы есептік жазбаны көрсетеді.
Содержание H502f
Страница 1: ...www lg com MFL69121401 1 0 USER GUIDE LG H502f ENGLISH РУССКИЙ УКРАЇНСЬКА ҚАЗАҚША 052 ...
Страница 2: ......