35
Жылдам өту пернелері негізгі экранның төменгі жағында қол жетімді
және ол ең көп пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет түртіп өтуге
мүмкіндік береді.
Күй жолағы
– Құрылғының күй ақпаратын, оның ішінде
уақыт, Wi-Fi сигналының күшін, батарея зарядын және
хабарлау белгішелерін көрсетеді.
Артқа пернесі
– Алдыңғы экранға қайтарады. Сонымен қатар мәзірлер,
диалогтық терезелер және экрандағы пернетақта сияқты қалқымалы
элементтерді жабады. Қос терезені ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Соңғы қолданбалар пернесі
– соңғы пайдаланылған
қолданбаларды көру үшін түртіңіз. Бағдарламалардағы
Мәзір опцияларын көрсету үшін де оны түртіп тұруға
болады.
Қолданба белгішелері
– Белгішені (қолданба, виджет,
қалта, т.б.) ашу және пайдалану үшін оны түртіңіз.
Жылдам өту пернелері
– Ең жиі пайдаланылатын
функцияларға оңай, бір рет түрту арқылы өтуге
мүмкіндік береді.
Үй пернесі
– негізгі экранға қайтарады (немесе негізгі экран кеңейтімі
кенептерінің кез келгенінен әдепкі негізгі экран кенептеріне қайтарады).
Google Now қызметін ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Қос терезе түймесі
– қос терезе режимін өзгерту
үшін түртіңіз. Бұл экранды екіге бөлу арқылы әр түрлі
қолданбаларды басқаруға мүмкіндік береді.
Содержание G Pad 8.0 3G V490
Страница 2: ......