5
ҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
y
Жаңбырдың ішке ағып кіруін болдырмау үшін ғимараттың ішінде және
сыртында антеннаны бүгіңіз.
Бұл судың өнім ішін зақымдауына және электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
y
Теледидарды қабырғаға бекіткенде, теледидардың артындағы қуат
және сигнал кабельдерін ілу арқылы теледидарды орнатпаңыз.
Бұл өрт туындауына, электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
y
Бір электр розеткасына тым көп электр құрылғыларын қоспаңыз.
Әйтпесе, шамадан тыс қызуға байланысты өрт шығуы мүмкін.
y
Сыртқы құрылғыларды қосып жатқанда өнімді түсіріп алмаңыз немесе
оның құлап кетуіне жол бермеңіз.
Әйтпесе, бұл жарақат алуға немесе өнімнің зақымдалуына әкелуі
мүмкін.
Desiccant
y
Ылғалға қарсы материалдар бумасын немесе винил орауышты
балалар қол жеткізе алмайтын жерде ұстаңыз.
Ылғалдыққа қарсы материалды жұту зиянды. Абайсызда жұтып қойған
жағдайда, науқасты құстырып, жақын ауруханаға апарыңыз. Оған
қоса, винил орауыш тұншығуға себеп болуы мүмкін. Балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
y
Балалардың телевизорға жорғаламауын және асылып тұрмауын
қадағалаңыз.
Әйтпесе, теледидар аударылып, жарақаттауы мүмкін.
y
Бала жұтып қоймауы үшін пайдаланылған батареяларды тиісті түрде
тастаңыз.
Бала жұтып қойған жағдайда дереу дәрігерге барыңыз.
y
Қуат кабелінің бір ұшы қабырға розеткасына сұғылып тұрғанда, екінші
ұшына өткізгіш (металл таяқша сияқты) енгізбеңіз. Оған қоса, қуат
кабелін қабырға розеткасына жалғай салысымен ұстамаңыз.
Сізді электр тогы соғуы мүмкін.
(Үлгіге байланысты)
y
Өнімнің жанына өртенгіш заттар қоймаңыз немесе сақтамаңыз.
Өртенгіш заттарды ұқыпсыз пайдаланудан жарылыс немесе өрт шығу
қаупі пайда болады.
y
Өнімнің ішіне тиын, шаш түйрегіштері секілді темір заттарды,
таяқшалар немесе сымды, қағаз, шырпы секілді тез өртенгіш заттарды
салмаңыз. Балалар ерекше назар аударуы керек.
Электр тогы соғуы, өрт шығуы немесе жарақат алынуы мүмкін.
Егер өнімнің ішіне бөгде зат түсіп кетсе, оны өшіріп, қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
y
Өнімге су сеппеңіз немесе өртенгіш заттармен сүртпеңіз (еріткіш
немесе бензол). Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.