д) Кабелмен жұмыс жасауда ұқыпты болыңыз. Еш уақытта
тасымалдамаңыз, тартпаңыз және электр құралын кабель арқылы
өшірмеңіз.
Кабелді жылу көздерінен, майдан, өткір заттардан және
қозғалмалы бөліктерден аулақ ұстаңыз. Кабелдің зақымдануы және
шиеленісуі де электр тогына түсу қаупін жоғарылатады. Электр құралын
үй
–
жай сыртында қолдану үшін арнайы ұзартқыш кабелді қолданыңыз.
Үй – жай сыртында қолдануға ыңғайлы кабелдерді пайдалану электр тогымен
зақымдануды азайтады.
f
) Егер электр құралын ылғал жерде қолдану қажет болған жағдайда,
оны қорғаныстық ажырату құрылғысы (ҚАҚ) арқылы қосыңыз.
ҚАҚ ны
қолдану электр тогына түсу қаупін төмендетеді.
2.
3.
ЖЕКЕ БАС ҚАУІПСІЗДІГІ
a)
Электр құралын пайдалануда мұқият болыңыз, өз әрекеттеріңізді
қадағалап, сау күйде жұмыс істеңіз.
Егер сіз шаршап немесе нашаның,
алкоголдің, медициналық дәрілердің әсерінде тұрсаңыз электр құралдарын
пайдаланбаңыз. Электр құралымен жұмыс кезіндегі тіпті сәл ғана
алаңдаушылық ауыр жарақаттарға соқтыруы мүмкін.
b
) Жеке басты қорғауға арналған құрылғыларды пайдаланыңыз.
Үнемі көзді қорғауға арналған құралдарды қолданыңыз. Респиратор,
тайғанамайтын қорғаныс аяқ киімі, каска және есту мүшелерін қорғауға
арналған қорғаныс заттары жарақаттану қаупін азайтады.
с) Тосын жағдайлардың болуына жол бермеңіз. Құрылғыны желіге
(немесе аккумуляторға) қосу алдында және оның орнын ауыстыра
алдында ажыратқыштың токқа қосылмай тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электр құралының орнын ауыстыру кезінде ажыратқышқа саусағыңызды
тигізбеңіз және егер электр құралы қосылып тұрса ашаны розеткаға
қоспаңыз. Бұл оқыс жағдайларға әкелуі мүмкін.
д) Электр құралын қосар алдында күйге келтіруші құрылғыларды
немесе сомынды бұрайтын кілттерді алып тастаңыз.
Күйге келтіруші
құрылғылардың немесе сомынды бұрайтын кілттердің электр
құралдарының айналмалы бөліктерінде қалып қоюы жарақаттауы мүмкін.
е) Тартылмаңыз. Үнемі тұрақты күйіңіз бен тепе теңдігіңізді сақтаңыз.
Бұл күтпеген жағдайлар кезінде электр құралын дұрыс басқаруға
септігін тигізеді.
f
) Ыңғайлы киініңіз. Кең киім кимеңіз, сәндік бұйымдар тақпаңыз.
Шашыңызды, киіміңіз бен қолғаптарыңызды қозғалатын бөліктерден
алысырақ ұстаңыз. Кең киім, сәндік бұйымдар, ұзын шаштар қозғалмалы
бөліктерге түсіп кетуі мүмкін.
g) Шаңды жинауға арналған құралдарды қолданған жағдайда олардың
қосылып, әрі дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз.
2.4. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
а)Электр құралдарына шектен тыс күш салмаңыз.
Өзіңіздің жағдайыңызға
лайық электр құралдарын пайдаланыңыз. Дұрыс таңдалған электр
құралы тиімді және қауіпсіз.
3. Араның кез келген түріне арналған қауіпсіздік техникасының
нұсқаулығы. Аралау.