
39
KZ
Нұсқаулық
∙
Қатты жерде немесе тас, тамыр, асфальт немесе
құрылыс элементтері бар жерлерде бұрғылауды
жүргізуге болмайды.
ҚАУІПТІ!
Электр
сымдарын
бұрғылап алу немесе жанасу қатты
соққыға, күйіктерге немесе өлімге
әкелуі мүмкін!
Бұрғылау алдында жасырын құбырлардың
немесе электр кабельдердің, резервуарлардың
немесе бетонның қалдықтарының, газ немесе
телефон
желілерінің,
су
құбырларының
болмауына көз жеткізу үшін тиісті құралды
пайдалану керек.
∙
Мұзды жерде мұзға арналған иірлік бұрғының
тиісті кескіш бастиегін қолданусыз бұрғылауды
жүргізуге болмайды!
∙
Жергілікті биліктен көлдер, тоғандар және
өзендердегі мұздың қауіпсіз қалыңдығы туралы
ақпаратты алмай тұрып, иірлік мұзбұрғыны ешбір
жағдайда қолдануға болмайды.
∙
Құрылғыны іске қосудың алдында барлық қорғану
құралдары мен киімнің болуын қамтамасыз ету
қажет. Машинаны пайдалану уақытында бос немесе
қолпылдаған киімді киюге болмайды. Қолайлы мықты
киімді, біртегіс қорғаныш комбинезонды пайдалану
қажет. Шолақ шалбар киюге болмайды! Табаны
тайғанақ емес тұмсығының асты темірмен жабылған
мықты қорғаныш бәтеңкені пайдалану қажет.
Сандалии, шәрке киюге және жалаң аяқ жұмыс ісеуге
болмайды! Құрылғыны әр пайдаланған сайын міндетті
түрде есту және көруді қорғайтын құралдарды, мықты
тайғанамайтын қолғапты қолдану қажет.
∙
Лақтырылуы мүмкін, иірлік бұрғыда тұрып қалуы
немесе шырмалып қалуы мүмкін заттар мен қоқысты
алып тастау керек.
∙
Міндетті түрде аяқтың орнықты күйі мен тепе-
теңдікті сақтау қажет. Тайғанақ, тегіс емес немесе
орнықты емес жерлерде тұруға болмайды. Тегіс емес
жерлерде немесе баспалдақта тұрып жұмыс істеуге
болмайды. Машинаға шамадан тыс қысым көрсетуге
болмайды.
∙
Машинаны артық жүктеуге болмайды. Машинаны
тік күйінен басқа, ешқандай күйінде пайдалануға
болмайды.
∙
Машинаның өз тік осінен ауытқуы кезінде
бұрғылауды жүргізуге болмайды.
∙
Бұрғылау кезінде машинаның қос тұтқасынан
ұстап тұрып, оның орнықты қалпын қамтамасыз ету
керек.
∙
Аяқ пен табанды барлық жылжитын бөліктерден
қашықтықта ұстау керек.
∙
Кез келген жөндеу жұмыстарын орындау
алдында, иірлік бұрғыларды тасымалдау және орнату
алдында қозғалтқышты міндетті түрде өшіру қажет.
∙
Жұмыс істеу кезінде бәсеңдеткіштің қақпағының
аумағы өте ысиды. Жұмыс істеу кезінде және
одан кейін бірден қақпаққа қол тигізуге болмайды.
Техникалық қызмет көрсетуге көшуден бұрын,
қозғалтқыш пен бәсеңдеткіштің толық суығанын күту
керек.
∙
Діріл мен суықтың әсер етуінен саусақтардың
шаншу және күйдірілуі, кейіннен бозаруы мен ұйып
қалуы сезілуі мүмкін. Ұзақ жұмыс істеу саусақтардың,
қолдың, білек пен иықтардың әлсіздігіне және қатты
ауруына әкелуі мүмкін. Төмендегі сақтық шараларын
сақтау қажет:
-
енеге, әсіресе бас, мойын, аяқ, жіліншік, қол
мен қолдың білезіктеріне салқын тиюге жол
бермеңіз. Қолайлы қорғаныш жұмыс қолғабын
пайдаланыңыз!
-
Жұмыс уақытын шектеңіз. Жұмыс кезінде жиі
үзіліс жасап отырыңыз. Осындай үзілістер кезінде
қолға арналған жаттығулар жасап, қолдарыңызға
демалуға мүмкіндік беріңіз.
-
Қолдың білезіктерінің тік күйін сақтауға
тырысыңыз. Машинаны тек бас бармақ пен сұқ
саусағыңызбен ғана емес, бүкіл қолыңызбен
ұстаңыз. Тұтқаларын шамадан тыс күш салумен
қыспаңыз.
-
Саусақтардың, қолдың, білезіктердің немесе
білектердің шаншу, ұйып қалу немесе ауыруы
сезілгенде машинаны пайдалануды дереу
тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Кері соғу жағдайында қауіпсіздік техникасын
сақтау жөніндегі ескертулер
Кері соғу айналып жатқан иірлік бұрғының қарысып
қалуы кезіндегі кенеттен пайда болған әсері болып
табылады, ол машина тарапынан көзделмеген
тоқтау мен кері күшті туындатады. Бұндай жағдайда
машина сынып, операторға жарақат тигізуі мүмкін.
Кері соғу машинаны дұрыс емес пайдаланудың
немесе қате тәсілдерін пайдаланудың нәтижесі
болып табылады.
Кері соғуға жол бермеу үшін төмендегі сақтық
шараларын қолданыңыз:
∙
Машинаны мықтылап ұстаңыз және денеңіз бен
қолыңызды кері соғу күшіне қарсы тұра алатындай
күйде ұстаңыз.
∙
Ешбір жағдайда аяғыңызды айналып жатқан
бұрғыға жақындатпаңыз. Бұрғы кенеттен айнала
бастап, сізді соғуы мүмкін.
∙
Денеңіз бен басыңызды машинадан қашықтықта
ұстаңыз. Кері соғу кезінде машина кенеттен айнала
бастап, сізді соғуы мүмкін.