![Indesit IHC 6.5F A M IX Скачать руководство пользователя страница 28](http://html1.mh-extra.com/html/indesit/ihc-6-5f-a-m-ix/ihc-6-5f-a-m-ix_operating-instructions-manual_2052888028.webp)
28
!
Өнімнің немесе оның ауа шығару
түтіктерінің электр немесе механикалық
жабдығын өзгертпеңіз.
Жалпы қауіпсіздік туралы ақпарат
• Тағам пісіру құрылғысының ыдыстар
тұратын беті мен плита сорғышының
ең төмен бөлігі арасындағы қашықтық
төмендегідей болуы тиіс:
65 см
– сорғыш газ плитасы үстіне
орнатылған болса
55 см
– сорғыш электр плита үстіне
орнатылған болса.
Газ плитаны орнату нұсқаулығында
одан үлкен қашықтық берілген болса,
оны ескеру керек.
• П л и т а с о р ғ ы ш ы м е н б і р г е
қабырғалардың/төбелердің көбісінде
қолдануға болатын болт тығындары
беріледі.
Дегенмен, қабырға/төбе түрі
материалы жағынан сәйкес келетінін,
яғни құрылғы салмағын көтере
алатынын білікті маманға тексерту
керек.
• Абай болыңыз
!
Орнату аяқталғанша
құрылғыны токқа қосуға болмайды.
• Құрылғыны тазаламас немесе оған
қызмет көрсетпес бұрын, қуат айырын
ағыту я негізгі айырып қосқышты
ажырату арқылы оны токтан ағыту
керек.
• Құрылғыны орнатқан және оған
қызмет көрсеткен кезде жұмыс
қолғаптарын киіңіз.
• Қауіпсіздігіне жауапты адам
бақыламаса я нұсқау бермесе,
балалар немесе сезіну не ой қабілеті
төмен және тәжірибесі не білімі аз
адамдар бұл құрылғыны қолданбауы
тиіс.
• Балаларға құрылғымен ойнауға
рұқсат бермеңіз.
• Май сүзгісі орнатылмаған болса,
құрылғыны қолданушы болмаңыз
!
• Анық түрде нұсқау берілмесе,
сорғышты тірек ретінде қолданушы
БОЛМАҢЫЗ.
• Газ немесе басқа отынды жағатын
жабдықпен бір уақытта сорғыш
қолданылғанда, бөлмеде тиісті
вентиляция болуы керек.
• Сорғыштан шығатын ауа газ немесе
басқа отынды жағатын жабдықтың
түтінін шығаратын құбыр арқылы
жіберілмеуі тиіс.
• Ауа шығаруға қатысты барлық
ережелерді ұстаныңыз.
• Сорғыш астында жалаң отпен
тағам пісіруші болмаңыз; жалаң от
сүзгілерді зақымдауы және өртке
себеп болуы мүмкін. Ешқашан олай
істеуші болмаңыз.
• Қызған май тұтанбауы үшін, қуырған
кезде әрдайым бақылап тұрыңыз.
• Түтін шығару үшін қолданылатын
техникалық және сақтандыру
шараларына қатысты жергілікті
ережелердің барлығын бұлжытпай
орындаңыз.
• Өнімнің іші мен сыртын жиі тазалап
тұрыңыз (КЕМ ДЕГЕНДЕ АЙЫНА
БІР РЕТ; осы нұсқаулықта берілген
техн ик ал ық қыз мет көр сет у
нұсқауларын орындаңыз).
• Сорғышты тазалау және сүзгіні
тазалау/ауыстыру нұсқаулары
орындалмаса, өрт шығуы мүмкін.
Содержание IHC 6.5F A M IX
Страница 4: ...4 6x Ø 8 x 40 6x Ø 5 x 45 1x 2x 1x ø 150 125mm ø 150mm 1x 2x 4x Ø 3 5 x 9 5 2 3 4 5 ...
Страница 5: ...5 32 cm min 1A Ø150mm 1B Ø150mm Ø120mm Ø120 Ø150 Ø120mm Ø120 Ø150 Ø150mm ...
Страница 6: ...6 4 6 3 7 5 2 650 m m 550 m m x6 Ø 8 mm x6 x6 x2 5 m m ...
Страница 7: ...7 11 10 x2 ø 150 ø 120 12 13 8 9 1 2 3 x2 ...
Страница 8: ...8 16 17 18 B A 14 ø 150 ø 3 5 x 9 5 x2 15 ...
Страница 79: ...79 عربي ...
Страница 80: ...80 عربي 195109850 01 03 2013 XEROX FABRIANO ...