![Imetec I1401 Скачать руководство пользователя страница 52](http://html.mh-extra.com/html/imetec/i1401/i1401_operating-instructions-manual_2046645052.webp)
50
Құрылғыны жануарларда немесе синтетикалық
материалдан жасалған париктерде пайдаланбаңыз.
• Құрғақ шүберекті пайдаланып құрылғыны
тазалаңыз.
Құрылғы қосулы кезде шаш спрейін сеппеңіз. Өрт
қаупі бар.
ТАҢБАЛАР
Ескерту
Жалпы тыйым
салу
II сыныпты құрылғы
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Орамның құрамын көру үшін иллюстрациялық нұсқаулықтың I бетін қараңыз.
Барлық сандар мұқабаның ішкі беттерінде орналасқан.
1. Сұйық кристалды дисплей (СКД)
2. Тұтқа
3. Қуатпен қамту кабелі және аша
4. Техникалық деректер
5. Қосу/өшіру түймесі
6. Температураны реттеу (+ және -
түймелері)
7. Қыздыру тақталары
Құрылғының мүмкінідктерін сыртқы орамнан қараңыз.
Тек жинақтағы қосалқы құралдарды пайдаланыңыз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Шаш түзулегішті пайдалану әдісін жылдам түсіну шашта қажет әсерге жету үшін дәл
қолдану уақытын орнатуға мүмкіндік береді.
•
Шаштың құрғақ, таза және ешбір шаш спрейінің, шаш муссының немесе гелінің ізі
жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
•
Түйіндер болмауы үшін шашты тараңыз.
•
Мәнерлеуді мойын желкесінен бастап, бүйірлерде жалғастырыңыз және маңдайда
аяқтаңыз.
•
Шаш түзулегішті пайдаланғанда, ол қызып немесе суып жатқанда, тегіс және қызуға
төзімде бетке қойыңыз.
•
Шашты түзулеу кезінде тақталарды беттің сезімтал бөліктеріне, құлақтарға, мойынға
немесе теріге тым жақын әкелмеңіз.
•
Аяқтағанда құрылғы ары алу алдында тақталарды толығымен сууға қалдырыңыз.
ЕСКЕРТУ: шаш түзулегішті пайдалануды аяқтағанда қабына (немесе кез
келген сөмкеге) қайта қою алдында құрылғының толығымен суығанын
тексеріңіз. Бұл құрылғы шашты бұйралауға арналмаған, сондықтан пайдалану
кезінде оны бұрмау керек.
ПАЙДАЛАНУ
ШАШТЫ ДАЙЫНДАУ
•
Шашты әдеттегідей жуыңыз және түйіндерді кетіру үшін тараңыз.
•
Шашты кептіріңіз және түбірлерінен ұштарына қарай щеткалаңыз.
ПАЙДАЛАНУ
•
Қуат кабелін (3) желіге қосыңыз.
•
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін (5) қосыңыз және түзулегішті қыздырыңыз; СК дисплейі (1)
жанады.
•
+ немесе - реттеу түймесін (6) пайдалана отырып қажет температураны таңдаңыз.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ шаш түріне және мәнерлеуге сай 130 және 230° C арасындағы
ауқымда таңдауға болады. Температураны кез келген уақытта реттеу түймелерін
басу арқылы реттеуге болады.
•
Температураны қажет деңгейде блоктау үшін + және - түймелерін (6) бір уақытта
басыңыз. СК дисплейінде (1) «құлып» таңбасы пайда болады.
•
Саусақтарды пайдаланып қыздыру тақталарымен ені бірдей шаштың жұқа бұрымын
алып, тақталар (7) арасында орналастырыңыз.
KK