![Hottek HT-979-100 Скачать руководство пользователя страница 17](http://html1.mh-extra.com/html/hottek/ht-979-100/ht-979-100_user-manual_2170479017.webp)
KAZ
17
Тазалау және күтім
• Аспапты тазалар алдында желіден ажыратыңыз.
• Аспаптың тұрқын (1) ылғал майлықпен сүртіңіз.
• Түпқойманы (2) суырыңыз, үгінділерді алып тастаңыз және түпқойманы
ылғал матамен сүртіп, өз орнына қойыңыз.
• Аспапты тазалау үшін агрессивті және абразивті заттарды қолдануға
болмайды.
• Аспапты ешқашан суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
Сақтау
• Аспапты электр желісінен өшіріңіз.
• Электр сымды кеңінен дөңгелектеп ораңыз.
• Аспапты құрғақ, салқын, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Электр аспаптары ауаның 40ºС-тан аспайтын температура кезінде және
салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан аспайтын, сондай-ақ қоршаған
ортада электр аспаптарының материалдарына кері әсер ететін шаң,
қышқылдық және өзге булары жоқ жабық әрі құрғақ жайларда сақталады.
Кепілдік міндеттемелері
Құралға қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі сатып алынған күннен бастап
1 жылды құрайды.
Кепілдік мерзімді растайтын құжат кассалық есеп-шот болып табылады.
Тегін жөндеу немесе (жөндеу мүмкіндігі болмаған жағдайда) құралды
ауыстыру кепілдік мерзім ішінде құрал сатылған жерде берілген кассалық
есеп-шотты, кепілдік талонын және құралдың толық түпнұсқа қаптамасын
көрсеткенде іске асырылады.
Қосалқы бөлшектердің ақаулары құралды толық ауыстыруға негіз бола
алмайды. Сынып қалған немесе бұзылған қосалқы бөлшектердің орны тек
қосымша ақыға толтырылады.
Тозатын және қажалатын бөлшектер, оларды тазалау, техникалық қызмет
көрсету және ауыстыру кепілдік аясына енбейді және бөлек ақыға жасалады.
Кепілдік мерзімі өткеннен кейінгі жөндеу
Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейінгі құралды жөндеуді қызмет көрсету
орталықтарының немесе шеберханалардың мамандары ақылы түрде іске
асырады.
Құрал СЕ директивалары бекіткен және МЕМСТ-Р белгілеген стандарттарға
және қауіпсіздікке сәйкестігі туралы барлық қажетті сынақтардан өтті және
заманауи техникалық стандарттарға сай болып келеді.
Содержание HT-979-100
Страница 1: ...RUS 1 HT 979 100 750 220 240 50 60 I HT 979 100 www hottek ru RUS...
Страница 2: ...RUS 2...
Страница 3: ...RUS 3 0 C 2...
Страница 4: ...RUS 4 1 2 3 2 4 5 7 6 4 5 6 3 2 1...
Страница 5: ...RUS 5 5 3 7 5 1 2 3 4 5 7 4 6 1 4 4 6 4...
Страница 6: ...RUS 6 2 2 1 2 40 70 1...
Страница 7: ...RUS 7 CE 2 107 7 495 204 17 75 0319 2019...
Страница 13: ...KAZ 13 HT 979 100 HT 979 100 750 220 240 B i i i 50 60 I www hottek ru...
Страница 14: ...KAZ 14...
Страница 15: ...KAZ 15 0 2 1 2 3 2 4 5 7 6...
Страница 16: ...KAZ 16 5 3 7 5 1 2 3 4 5 7 4 6 1 4 4 6 4 2 2...
Страница 17: ...KAZ 17 1 2 40 70 1...
Страница 18: ...KAZ 18 2 0319 2019...
Страница 19: ......
Страница 20: ...www hottek ru...