
KAZ
15
Аспапты пайдалану
•
Аспапты электрлік желіге қосыңыз және дайындалған нан тілімдерін
арнайы бөліктерге (3) қойыңыз.
•
6-жайғасымдық таймерді (5) бір қалыпқа қойыңыз. Аздап қыздыру
үшін:қуырып пісірудің төменгі тәртіптемесін (1-2) таңдаңыз, бірқалыпты
қыздыру үшін қуырып пісірудің орташа (3-4), ал қатты қыздыру үшін
жоғарғы (5-6) тәртіптемесін таңдаңыз.
•
Жүктеуге арналған иінтіректі (4) түсіріңіз, бұдан кейін тостер автоматты
түрде қосылады.
•
Дайындау кезінде Сіз тосттардың даярлық деңгейін қадағалай аласыз.
Егер тосттар Сізге қажетіндей әзір болса, дайындау үдерісін тоқтатуға
және болдырмау түймесін (6) басып, аспапты өшіруге болады.
•
Егер тостер тоқтаусыз ұзақ уақыт бойы жұмыс істесе, әр келесі
топтаманың дайындалу уақыты азаяды.
•
Бірдей температуралық тәртіптемені таңдағанда, бір тостты дайындауға
екі тостты дайындағаннан аз уақыт кетеді.
•
Қуыру аяқталғанда тостер автоматты түрде сөнеді, ал жүктеуге
арналған иінтірек (4) нан тілімдерімен бастапқы қалпына көтеріледі.
•
Тосттарды аспаптан алу үдерісін жүктеуге арналған иінтірек (4)
қосымша көтеру арқылы жеңілдетуге болады.
Болдырмау атқарымы
•
Қуыруды кез келген уақытта болдырмау түймешесін (6) басып тоқтатуға
болады, бұл жағдайда жүктеуге арналған иінтірек (4) өзінің алғашқы
қалпына қайтып оралады.
Үгінділерді жинауға арналған түпқойма
Тостердің осы үлгісі үгінділерді жинауға арналған түпқоймамен (2)
жабдықталған.
•
Аспапты қолданғаннан кейін әр жолы түпқойманы (2) тазалауға кеңес беріледі.
Тазалау және күтім
•
Аспапты тазалар алдында желіден ажыратыңыз.
•
Аспаптың тұрқын (1) ылғал майлықпен сүртіңіз.
•
Түпқойманы (2) суырыңыз, үгінділерді алып тастаңыз және түпқойманы
ылғал матамен сүртіп, өз орнына қойыңыз.
•
Аспапты тазалау үшін агрессивті және абразивті заттарды қолдануға болмайды.
•
Аспапты ешқашан суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.