![Hottek 125151 Скачать руководство пользователя страница 12](http://html1.mh-extra.com/html/hottek/125151/125151_user-manual_2170451012.webp)
KAZ
12
• Аспапты өздігіңізден жөндемеңіз. Жөндеуді сервистік орталықтың
білікті мамандары ғана жүргізулері тиіс.
• Аспапты жөндеу үшін түпнұсқалық қосалқы бөлшектер ғана қолданыла
алады.
• Аспапты бөлмеден тыс пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі арнайы нұсқаулар
• Таразының ішіне судың немесе өзге сұйықтықтың түсуіне жол бермеңіз,
себебі бұл оның сынуына алып келуі мүмкін.
• Түпқоймасының ылғалды беті тайғанақ болуы мүмкін – пайдаланар
алдында таразыны құрғақ шүберекпен сүртіп отырыңыз.
• Егер таразы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батарея бөлімшесінен
қуат көзі элементтерін шығарыңыз.
• Таразыны абайлықпен пайдаланыңыз, себебі ол өлшеу құралы болып
табылады. Оны құлатпаңыз және барынша көп жол берілетін салмақтан
артық жүктемеңіз.
• Батареяның қуаты төмен болған жағдайда, дисплей бетінде «LO»
белгісі көрсетіледі. Ескі қуат көзі элементін шығарып, оны жаңасына
ауыстырыңыз.
• Таразыны зақымдамау үшін, 7 кг-нан артық заттарды өлшемеңіз.
• Егер дисплей бетінде «O-Ld» жазуы пайда болса, бұл шамадан тыс
жүктеуді.
• Осы аспап пайдалануға дайын күйінде жеткізілгесін, монтаждауды
талап етпейді.
• Осы аспапқа арнайы тасымалдау ережелері қолданылмайды. Аспапты
тасымалдау кезінде түпнұсқалық зауыт орамасын пайдаланыңыз.
Тасымалдау кезінде аспаптың құлауын, соққы мен аспапқа түсетін
басқа да механикалық әсерді, сондай-ақ атмосфералық жауын мен
агрессивті орталардың тікелей әсерін болдырмау керек.
• Осы аспаптың сатылуы Кедендік Одақ мүшесі мемлекетінің
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілу тиіс.
Аспаптың бөлшектеріне шолу:
1. Шыны платформа өлшеу үшін
2. Сауыттың салмағын тастау мен қосу, өшіру түймешесі «ON/OFF/TARE»
3. Өлшеу бірліктерін таңдау түймешесі «UNIT»
4. Дисплей
Аспапты пайдалану
Ас үй таразысы азық-түлік өнімдері мен дәмдеуіштерді өлшейтіндей
етіп жасалған. Таразыны орнату үшін сәйкес жерді таңдаңыз. Таразыны
Содержание 125151
Страница 16: ...îò èäåè äî ïðîäóêòà www hottek ru ...