
161
• Қалдық конденсаты жылыту тартпасы
мен қоршаған шкафтарды зақымдауы
мүмкін. Ұсынылады:
- жылыту тартпасы салқын кезде ылғал
бөлшектерді құрғату керек.
• Жылыту тартпасын ылғал дене
мүшелерімен ұстамаңыз жəне
жалаңаяқ болғанда пайдаланбаңыз.
• Оны желіден ажырату үшін қуат
сымынан тартпаңыз.
• Егер тиісті түрде қадағаланбаса, өнім
мен орау материалдарымен өзара
байланысты болдырмау үшін, оларды
балалардан алшақ ұстаңыз.
• Жылыту тартпасының жанында
қолданылатын басқа да
құрылғылардың электр сымдары оның
ыстық бөліктеріне тиіп тұрмағанын
тексеріңіз.
• Жылыту тартпасында пластмасса
немесе тұтанғыш заттарды
сақтамаңыз. Құрылғыны қолданған
кезде, мұндай нысандар балқуы
немесе өрттенуі мүмкін.
• Ыдыс-аяқты алу үшін арнайы
қолғаптарды пайдаланыңыз.
• Қыздыру элементінің саңылаулары
мен желдеткіш тесіктерін қорғау
торларына (мысалы бұрағыштар, ұшты
заттар, қағаз, т.б.) ештеңе салмаңыз.
• Қауіпсіздікке жауапты тұлға алдын-
ала жеткілікті түрде үйретпесе, осы
құрылғымен физикалық, жүйкелік
немесе психикалық ауытқушылықтары
бар немесе тəжірибесі жоқ
пайдаланушыларға қолдануға
болмайды.