![Hilti GPB 6X-22 Скачать руководство пользователя страница 267](http://html.mh-extra.com/html/hilti/gpb-6x-22/gpb-6x-22_manual_2135543267.webp)
*2327537*
2327537
Қазақ
261
▶
Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге
болмайды!
▶
Аккумуляторларды бөлшектеуге, қысуға, 80°C (176°F) жоғары температураға дейін қыздыруға және
жағуға тыйым салынады.
▶
Соққы тиген немесе басқаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе
зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз.
▶
Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶
Ешқашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын соқпа құрал ретінде
пайдаланбаңыз.
▶
Аккумуляторларға ешқашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын
әсерін тигізбеңіз. Бұл жарылысқа апарып соғуы мүмкін.
▶
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткізетін
бөгде заттармен тимеңіз. Бұл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
▶
Аккумуляторларды жаңбыр, ылғал мен сұйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылғал қысқа
тұйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶
Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайда-
ланыңыз. Бұл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
▶
Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
▶
Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды тұтанғыш
материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, тұтанбайтын жерге қойыңыз.
Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып тұрса, бұл оның
ақаулы екендігін білдіреді.
Hilti
қызмет көрсету орталығына жолығыңыз немесе «Қауіпсіздік және
Hilti
Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.
Литий-иондық аккумуляторларды тасымалдау, сақтау және пайдалану үшін қолданылатын
арнайы директиваларды ескеріңіз. → Бет 268
Аталмыш пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға
болатын
Hilti
Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нұс-
қауларды оқып шығыңыз.
3
Сипаттама
3.1
Өнімге шолу
@
Шаң сүзгісі
;
Аккумулятор
=
Аккумуляторды босату түймесі
%
Аккумулятордың күй индикаторы
&
Бекітілетін негізгі сөндіргіш
(
Тұтқыш пен қорғауыш қаптаманың орнын
ауыстыруға арналған қыспа иінтірек
)
Бүйірлік тұтқыш
+
Қорғауыш қаптама
§
Құрал бекіткіші
/
Параллель тіректегі орнату бұрандасы
:
Параллель тірек
∙
Қаптама бекіткішіне арналған тежегіш
сақина
$
Шпиндель бекіткішінің түймесі
£
Айналу жиілігін реттеу дискісі
3.2
Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім қолмен басқарылатын аккумуляторлық жылтыратқыш машина болып табылады. Ол
болатты, тот баспайтын болатты немесе түрлі-түсті металдарды жылтырату, құрылымдау, тегістеу,
қылшақпен тазарту, жалтырату, тотты кетіру немесе қылауды кетіру сияқты үстіңгі бетті өңдеу
жұмыстарына арналған.
Содержание GPB 6X-22
Страница 2: ...1 ...
Страница 3: ...2 3 4 5 ...
Страница 4: ...6 7 8 9 ...
Страница 6: ......
Страница 276: ...270 Қазақ 2327537 2327537 ...
Страница 277: ......
Страница 278: ......
Страница 279: ......
Страница 280: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 1 20220107 2327537 2327537 ...