
Қазақ
369
▶
Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз.
Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз.
Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Электр құралды қолдану және оған қызмет көрсету
▶
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралды қолданыңыз.
Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶
Сөндіргіші бұзылған электр құралды қолданбаңыз.
Қосу немесе өшіру қиын электр құрал қауіпті
және оны жөндеу керек.
▶
Аспапты орнату жұмыстарын орындаудан, керек-жарақтарды ауыстырудан немесе аспапты
сақтауға қоюдан бұрын аккумуляторды шығарып алыңыз.
Бұл сақтық шарасы электр құралдың
кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶
Қолданылмайтын электр құралдарды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралды
оны пайдалана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға бермеңіз
.
Электр құралдар тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶
Электр құралдарға мұқият күтім көрсетіңіз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін,
олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралдың
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған
бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз.
Электр құралға техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек.
Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶
Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз.
Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶
Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶
Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз.
Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз.
Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне
жүгініңіз.
2.2 Бекіту аспабы бойынша қауіпсіздік нұсқаулары
▶
Электр құралда шегенің бар екендігіне әрдайым сенімді болыңыз.
Бекіту аспабын ұқыпсыз
басқару шегенің күтпеген шығып кетуіне және жарақаттарға апарып соғуы мүмкін.
▶
Өзіңіз бен басқаларды электр құралдың айналасынан алшақ ұстаңыз.
Күтпеген босатылу
шегенің шығып кетуіне, ал нәтижесінде жарақат тигізуіне апарып соғуы мүмкін.
▶
Электр құрал өңделетін материалға берік бекітілмегенше оны іске қоспаңыз.
Электр құрал
өңделетін материалға тимеген жағдайда, шеге бекіту орнынан тайқып кетуі мүмкін.
▶
Шеге электр құралда қысылған кезде электр құралды желіден не аккумулятордан
ажыратыңыз.
Бекіту аспабы қосылған кезде, шығарылған жағдайда берік орнатылған шегелер
қате іске қосылуы мүмкін.
▶
Берік орнатылған шегелерді шығарған кезде мұқият болыңыз.
Қысып қалуды шешуге
тырысқанша жүйе кернеу астында болып, шегелер қарқынды түрде шығып тұруы мүмкін.
▶
Электрлік сымдарды бекіту кезінде электрлік кернеудің өткізбегеніне көз жеткізіңіз. Бекіту
аспабын тек оқшауланған тұтқыш беттеріне бекітіңіз. Тек электрлік сымдарды орнатуға
арналған шегелерді пайдаланыңыз. Шеге электрлік сым оқшаулануын зақымдамағанына көз
жеткізіңіз.
Оқшаулануы зақымдалған шеге ток соғу не өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Printed: 04.10.2017 | Doc-Nr: PUB / 5377483 / 000 / 01
Содержание BX 3-ME
Страница 2: ...1 Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 3: ...2 3 4 5 Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 4: ...6 7 8 Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 6: ...Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 423: ...繁體中文 417 11 製造商保固 如果您對於保固條件有任何問題 請聯絡當地Hilti代理商 Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 436: ...430 中文 Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...
Страница 437: ...Printed 04 10 2017 Doc Nr PUB 5377483 000 01 ...