35
ЖАБДЫҚТЫ ОРНАТУ
Асүй сүзіндісін құру
Асүй сүзіндісі келесі элементтерден құралады (2
сурет)...
Құрастыру
Құрылғыны сатылап құрастыру 3 суретте
көрсетілген…
Ауаны сыртқа шығару тәртібі
Ауаны шығару тәртібінде асүй сүзіндісі арнайы
ауа өткізгіш жәрдемімен жайдан сыртқа
ластанған асүй ауасын шығарып тастайды Осы
жағдайда сүзіндіден көмір сүзгісін шығарған
дұрыс.
Мамандандырылған дүкендерде сатып алуға
болатын тиісті бекіту қапсырмаларымен және
150 немесе 120 мм диаметрлі иілгіш немесе
пластикалық сала көмегімен ауаны шығару үшін
тесікке сүзінді қосылады.
Қосуды тек білікті мамандар ғана орындай
алады.
Рециркуляциялау тәртібі (иісті сіңіру)
Иісті сіңіру тәртібінде көмір сүзгілері арқылы
өтіп ас үйдегі барлық буланулар тазартылады
және құбырдың үстінгі бөлігіндегі тесіктің екі
жағынан кесу арқылы қайтадан жайға келеді.
Осындай құрылым кезінде көмір сүзгілерін
орнату қажет және ауаның қайту реттігішін
құрастыру ұсынылады (нұсқаға байланысты
рұқсат).
Әмбебап сүзінділердің кейбір үлгілерінде
ауаның қайту тәртібінен иісті сіңіру тәртібіне
ауыстыру мақсатында сүзіндінің ішінде
тетікті қосу қажет (8 сурет). Тазартылған ауа
құрылығының үстіңгі бөлігіндегі тесік арқылы
жайға қайтып келеді.
Шкафтағы телескоптық және салып қойылған
сіңіру тәртібінде істейтін сүзінділер ауаның
қайтуы үшін құбырды қосуды талап етеді.
Құбырдың екінші соңғысын жайға бағыттаңыз,
сол арқылы тазартылған ауа шығады.
Желдеткіш жұмысының жылдамдығы
Шағын және орта жылдамдық қалыпты шарттар
және булардың төмен концентрациялауы
кезінде қолданылады, максималды жылдамдық
ас үйде булардың жоғары концентрациялауы
кезінде ғана қолданылады, мысалы, қуыру
немесе гриль қолдану уақытында.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТУ
Сүзінді басқару панелімен басқарылады (4 сурет)
Барлық сорғыштардың ұшында сөндіргіштері бар. Телескоптық тақтаны жылжыту арқылы,
қозғалтқыш қорек көзінен ажыратылады. Ұшындағы сөндіргіш жарықтандыруды сөндірмейді.
Сорғышқа қызмет көрсету үшін сорғыштың алдыңғы бөлігінде оң жағында орналасқан
ауыстырып қосқыштар жинағын пайдалану керек. Сорғыш сөніп тұрған сәтте ауыстырып
қосқыштар жинағы көрінбейді. Жұмысты бастау үшін сорғыштың телескоптық тақтасын
жылжытып, қозғалтқыштың бірінші немесе екінші жылдамдығын (жоғарғы ауыстырып қосқыш)
таңдайды және/немесе қажет болған жағдайда жарықты қосады (төменгі ауыстырып қосқыш).
Содержание OTP6241BH
Страница 2: ...2 ...
Страница 4: ...4 3f 3g 4a 3d 3e ...
Страница 5: ...5 7a 5 6a 6b ...
Страница 94: ...94 ...
Страница 95: ...95 ...