Сипаттамалар
GBC
®
CombBind
®
C210E
Қағаздың макс. ені
Тесу қуаттылығы, қағаз
Тесу қуаттылығы, пластик мұқабалар
Таза салмағы
Өлшемдері (Е x Т x Б)
Электрлік
Letter, DIN A4
– 297 мм
Макс. 20 парақ (80 г/м
2
)
Макс
2 парақ, әрбірі 0,2 мм
13,61 кг
400 x 403 x 14
8 мм
220
–240 В АТ
Алдын ала ескертусіз техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.
m
Қуатты
қосу/өшіру
Тесу
Кептеліс
Жоңқа науасы
толы
20
Маңызды қауіпсіздік шаралары
ҚАУІПСІЗДІК МАҚСАТЫНДА, ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ТОЛЫҒЫМЕН ОҚЫП ШЫҚПАСТАН COMBBIND C210E ҚҰРЫЛҒЫСЫН
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУҒА БОЛМАЙДЫ. БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ БОЛАШАҚТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ЫҢҒАЙЛЫ ЖЕРДЕ
ҰСТАҢЫЗ. ЖАРАҚАТ АЛУДАН ҚОРҒАНУ ҮШІН, БҰЛ ӨНІМДІ БАПТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІ НЕГІЗГІ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС.
Өнімде келесі белгілер болады және олардың мағыналары
төмендегідей:
Негізгі қауіпсіздік шаралары
• CombBind C210E құрылғысын көрсетілген мақсатына сай, яғни
тек қағаз бен мұқабаларды тесу және түптеу үшін қолданыңыз.
• Құрылғы тескішінің саңылауына қағаз бен мұқаба бумасынан
басқа ешнәрсе салуға болмайды.
• Құрылғының жерге құлап, басқаларды жараламауы және өзі
зақымдалмауы үшін оны қауіпсіз, тұрақты жұмыс аймағына
қойыңыз.
• Құрылғыда берілген барлық ескертулер мен нұсқауларға назар
аударыңыз.
• Құрылғыны қақпағынан емес, түбінен ұстап көтеріңіз.
Электрлік қауіпсіздік шаралары
• CombBind C210E құрылғысы сериялық/техникалық деректер
тақтасында немесе осы нұсқаулықта көрсетілген мәндерге сай
келетін қуат көзіне жалғануы тиіс.
САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР РОЗЕТКАСЫ ЖАБДЫҚТЫҢ
ЖАНЫНДА ОРНАЛАСЫП, ОҒАН ОҢАЙ ҚОЛ
ЖЕТКІЗІЛУІ ТИІС.
• CombBind C210E құрылғысын жылжыту алдында немесе оны
ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда қуат көзінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымы немесе айыры зақымдалған болса, ақаулық пайда
болса немесе кез келген жолмен зақымдалса, оны
пайдалануға болмайды.
• Электрлік розеткалардың жүктемесін арттырмаңыз, ол өртке
немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
• Айырды өзгертуге тыйым салынады. Айыр электр қуатына
сәйкес түрде конфигурацияланған.
• Жабдық тек ғимараттың ішінде пайдалануға арналған.
• Корпустағы саңылаулардан өнімнің ішіне ешнәрсе салуға
болмайды. Өнімнің үстіне қандай да бір сұйықтық төгуге
болмайды.
• Өнім жаңбырдың немесе судың астында қалса, оны
пайдаланбаңыз.
Кепілдік
Бұл құрылғының қалыпты пайдалану шарттарында жұмыс істеуіне сатып алған күннен бастап 2 жыл кепілдік беріледі. Кепілдік
мерзімінде ACCO Brands Europe корпорациясы өз шешімі бойынша ақаулы құрылғыны тегін жөндейді немесе оның орнына жаңасын
береді. Кепілдік дұрыс пайдаланбау немесе мақсатынан тыс пайдалану себебінен орын алған ақаулыққа қолданылмайды. Сатып алған
күнді растайтын құжат қажет болады. ACCO Brands Europe корпорациясына қатысы жоқ тұлғаларыдң жөндеуі немесе өзгеріс енгізуі
нәтижесінде кепілдіктің күші жойылады. Біздің мақсатымыз – өнімдеріміздің көрсетілген сипаттамаларға сай жұмыс істеуін қамтамасыз
ету. Бұл кепілдік тұтынушылардың қолданыстағы мемлекеттік заңдарға сәйкес ие болатын құқықтарына ықпалын тигізбейді.
Егер кепілдік кезеңінде осы өнімде техникалық ақаулық пайда болса, тиісті
ACCO қызмет орталығына хабарласыңыз
. Диагностика
нәтижесіне және модель түріне байланысты, біз қызмет көрсетуші маманды жібереміз немесе өнімді ACCO корпорациясына қайтаруды
сұраймыз. Құрылғыны қайтаратын болсаңыз, ACCO корпорациясы өз шешімі бойынша, заңға сәйкес түрде (i) құ рылғыны жаңа немесе
қалпына келтірілген бөлшектерді пайдаланып жөндейді, немесе (ii) құрылғыны жаңасына немесе жұмыс істемейтін құрылғыға ұқсас
қалпына келтірілген құрылғыға ауыстырады.
Бұл өнімді
www.gbceurope.com
парақшасында тіркеңіз
m
m
Содержание CombBind C210E
Страница 2: ...English 4 esky 6 Slovensky 8 Polski 10 Magyar 12 Rom n 14 16 18 20...
Страница 3: ...4 4 6 5 7 9 8 1 3 2...