нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды
пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз.
•
Табалар қойылған пештің беті мен құрылғының
төменгі бөлігіне дейінгі ең аз қашықтық, пешке
немесе құрылғыға арналған орнату нұсқауларында
өзгеше көрсетілмесе, кем дегенде 65 см болуға
тиіс.
•
Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің
талаптарына сәйкес келуі керек.
•
Газ немесе басқа жанармай қолданатын
құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан
бөлінетін қажетсіз газдар бөлмеге қайта кірмес
үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
•
Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын
және құрылғы жинаған ауа басқа құрылғылардан
келетін түтін мен буды тартатын жүйеге
(орталықтан жылыту жүйелері, термосифондар, су
жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын
тексеріңіз.
•
Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске
қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-
дан аспау керек.
•
Қосылым кабеліне ешбір зақым келтірмеңіз. Зақым
келген электр сымын ауыстырту үшін біздің
уәкілетті қызмет көрсету орталығына немесе
электршіге хабарласыңыз.
•
Құрылғы қуат көзіне тура қосылған болса,
құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен
ажыратуға мүмкіндік беретін тұйықтағыш
құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық
айыру жұмыстарын III-ші асқын кернеу санатында
көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек.
Сөндіруге арналған құралдарды электр сымдарын
тарту ережелеріне сай, тұрақты орнатылған сымға
орнату керек.
www.electrolux.com
108