![Electrolux ENN2914COW Скачать руководство пользователя страница 62](http://html.mh-extra.com/html/electrolux/enn2914cow/enn2914cow_user-manual_93649062.webp)
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ІШІН ТАЗАЛАУ
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын,
жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның іші
мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан соң мұқият
құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды
пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
сыртқы қабатына зиян келтіреді.
ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОРЫ
Бұл құрылғы Францияда сатылады.
Осы елде қолданылатын ережелерге сәйкес
бұл құрылғы тоңазытқыштың ең суық зонасын
көрсетіп тұру үшін оның астыңғы бөлігінде
орналастырылған арнайы құралмен (суретті
қараңыз) жабдықталуға тиіс.
ЖАҢА ӘКЕЛГЕН ТАҒАМДЫ
ТОҢАЗЫТУ
Мұздатқыш камера жаңа әкелген тағамды
тоңазыту мен тоңазытылған және
мұздатылған тағамдарды сақтауға арналған.
Жаңа әкелген тағамды тоңазыту камерасына
қойып тоңазытпай тұрып Action Freeze
функциясын кем дегенде 24 қосып қойыңыз.
Жаңадан әкелінген тағамды мұздатқыштың
үстіңгі жағына қойып тоңазытыңыз, себебі бұл
ең суық жер.
24 сағат ішінде тоңазытуға болатын тағамның
ең көп мөлшері құрылғының ішіндегі
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады: осы
уақыт аралығында тоңазытқыңыз келген
басқа тағамды қосып салмаңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАУ
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз уақыт
пайдаланбай барып іске қосқан кезде,
тағамды мұздатқыш камераға салмай тұрып
құрылғыны Action Freeze функциясына қойып
кем дегенде 12 сағат қосып алыңыз.
Сақталатын тағамның мөлшері көп болса,
құрылғының ішіндегі суырмалар мен
себеттердің барлығын алыңыз да, тоңазыту
барысында жақсы нәтижеге жету үшін
тағамдарды салқындатқыш сөренің үстіне
қойыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қойылатын тағам мөлшерінің үстіңгі
бөлік (бар болса) қабырғасында
көрсетілген салмақ шегінен асып
кетпеуін қадағалаңыз.
Мысалы, электр қуаты өшіп қалып
құрылғы мұзы кездейсоқ еріп кетсе
және электр қуаты техникалық
сипаттамалар кестесінің
"температураның жоғарылау уақыты"
бөлімінде көрсетілген шамадан да
ұзақ уақыт жоқ болса, тағамды дереу
тауысу не пісіріп барып қайта
тоңазыту керек(салқындатқан соң).
ЖІБІТУ
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
СУЫҚ АККУМУЛЯТОРЫ
Мұздатқыштың электр қуаты өшіп не қандай
да бір оқыс жағдай орын алғанда тағамды
ұзағырақ сақтай тұруға көмектесетін кем
дегенде бір суық аккумуляторы бар.
62 www.electrolux.com
Содержание ENN2914COW
Страница 109: ...ESPAÑOL 109 ...
Страница 110: ...110 www electrolux com ...
Страница 111: ...ESPAÑOL 111 ...
Страница 112: ...www electrolux com shop 212357001 A 452011 ...