Қауіпсіз пайдалану ережелері мен шарттары
Құрылғыны орнатар және қосар алдында берілген бөлімді мұқият оқып
шығыңыз. Құрылғыда, қорек адаптерінде және кабельдерде механикалық
зақымданулардың жоқтығына көз жеткізіңіз. Құрылғы құжаттамаға сәйкес, тек
арналу мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құрылғы құрғақ, таза, шаңданбаған және жақсы желдетілетін, қалыпты
ылғалдылықпен үй-жайда, қуатты жылу көздерінен алыста пайдалануға
арналған. Оны көшеде және жоғары ылғалдылықты жерлерде пайдаланбаңыз.
Құрылғының үстіне бөгде заттарды қоймаңыз. Құрылғының желдету тесіктері
ашық болуы тиіс. Құрылғыға тікелей жақын жердегі қоршаған ортаның және
оның корпусының ішіндегі температура 0 °С бастап +40 °С дейінгі шектерде
болуы тиіс.
Тек құрылғының жеткізу жиынтығындағы қорек адаптерін пайдаланыңыз. Егер
қорек адаптерінің корпусы немесе кабелі зақымданған болса, қорек адаптерін
қоспаңыз. Қорек адаптерін тек ақаусыз, қорек адаптерінде көрсетілген
параметрлермен розеткаларға қосыңыз.
Құрылғының корпусын ашпаңыз! Құрылғыны ластанулар мен шаңнан тазарту
алдында құрылғының қорек адаптерін өшіріңіз. Шаңды дымқыл сулықтың
көмегімен тазартыңыз. Тазарту үшін сұйық/аэрозольды тазартқыштарды немесе
магниттік/статикалық құрылғыларды пайдаланбаңыз. Құрылғыға және қорек
адаптеріне ылғалдың түсуін болдырмаңыз.
Құрылғының қолданылу мерзімі – 2 жыл.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Бағдарламалық жасақтаманы және құжаттаманы жаңарту біздің компанияның
сайтында қолжетімді.
D-Link компаниясы клиент үшін кепілдік мерзімі ішінде тегін қолдау көрсетуді
ұсынады.
Клиенттер D-Link техникалық қолдау көрсету тобына телефон бойынша немесе
Интернет арқылы хабарласа алады.
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА КЛИЕНТТЕР ҮШІН
D-LINK КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУЫ
күнделікті (демалыс және ресми мереке күндерінен басқа 10-00 бастап 18-00
дейін )
+7(727) 3785590
ИЕНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Web-сайт: http://www.dlink.ru
E-mail: [email protected]
ДҮНИЕ ЖҮЗІ БОЙЫНША D-LINK ОФИСТЕРІНІҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ
ЖӘНЕ ТЕЛЕФОНДАРЫ
http://www.dlink.com