
• Аккумуляторларды дұрыс қолданбау жарылысқа немесе қышқылдан күйіп қалуға алып келуі мүмкін.
• Ешбір жағдайда қайта қуатталмайтын аккумуляторларды қуаттауға тырыспаңыз.
• Аккумулятор сұйықтығының теріге, көзге және шырышты қабықтарға тиюіне жол бермеңіз.
НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ
Құралды қолданар алдында осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығып,
оны алдағы уақытта пайдалану үшін сенімді жерде сақтап қою қажет.
1. - Бастағы шашты алуға арналған саптама-жүз
2. - Денедегі түкті алуға арналған саптама-жүз
3. - Шашты дәл алу үшін биіктікті реттеу түймесі
4. - ҚОСУ және ӨШІРУ түймесі
5. - Тарақтар: Биіктігі реттелетін 4 тарақ
6. - Жарық индикаторы
7. - Мұрын мен құлақтағы түктерді алуға арналған қондырма
8. - Дәлдігі жоғары триммер
9. - Қыруға арналған саптама
10. - Қуаттауға арналған USB кабелі
11. - Тазалауға арналған щетка
12. - Тарақ
13. - Май
14. - Триммер мен оның аксессуарларын сақтауға арналған база
ЖИЫНТЫҚ ҚҰРАМЫ
• Көпфункциялы триммер
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық. Қолданар алдында осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен танысып шығу қажет.
АКСЕССУАРЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
• Шашқа арналған триммер жиынтығында әртүрлі биіктіктегі (3, 6, 9 және 12 мм) 4
тарақ бар, оларды Т тәріздес пішінді саптама-жүзге (1-бөлшек) орнатуға болады.
• U тәріздес пішінді саптама-жүз (2-бөлшек) денедегі түктерді алуға, тері бетіне жақын
орналасқан шаштарды тарақсыз тегістеуге немесе сізге орнатылатын тарағы бар ұстара
жүзі ұнайтын жағдайда қолдануға арналған. Саптама тек бір биіктіктегі шаштардың
ұзындығын тегістеуге арналған.
• Дәлдігі жоғары триммер (8-бөлшек) мінсіз контур жасауға арналған.
• Қыруға арналған саптама (9-бөлшек) өзіндік бейне мен стиль қалыптастыру үшін қолданылады. Қыру кезінде ширатылып қалуын болдырмау
үшін шаштардың ұзындығы 2 мм аспауы тиіс.
• 1 мм бастап 16 мм дейінгі ұзындықта шаштарды біркелкі алу үшін бағыттаушы тарақтарды қолданыңыз.
• Қалаулы ұзындықты белгілеу үшін реттеу түймесін (3) жоғары немесе төмен сырғытыңыз. Белгіленген ұзындық құрал шкаласында көрінеді. Бұл түйме
ұзындықтың үш нұсқасын ұсынады. Оны бағыттаушы тарақтармен үйлестіру кезінде ұзындығы бойынша 12 реттеу нұсқасына дейін алуға болады.
• Бағыттаушы тарақтарсыз әртүрлі үш ұзындық.
• Ұстараның басын саптамаларсыз қолдану арқылы сақалды ұқыпты тегістей (тіпті жетуі қиын жерлерде де) және самай мен мойындағы
шаштарды тазалап қыра аласыз.
ПАЙДАЛАНУ
Алғаш қолданар алдында:
• Құралды қаптамадан шығарып, зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
• Қандай да бір зақым анықталған жағдайда, құралды қоспаңыз. Оны дереу сатушыға қайтарыңыз.
• Триммерді ұзақ уақыт бойы −10 °C-тан төмен немесе +40 °C-тан жоғары температуралардың әсерінде ұстамаңыз.
• Мінсіз шаш алу нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық аксессуарларды тексеріңіз, сондай-ақ құралды тазалап, оған техникалық қызмет көрсетіңіз.
ТАҒАЙЫНДАМАСЫ
Назар аударыңыз! Құрал тек сыртқы қолданысқа арналған.
• Құрал тек адамның шашына арналған.
• Кез келген дұрыс қолданбау қауіпті болуы мүмкін!
• Саптаманы шешіп алу үшін бір қолмен триммерді ұстап, екінші қолмен саптаманы жайлап тартыңыз. Басқа саптаманы оп-оңай орнатуыңызға болады.
• Шаш алу кезінде шаштар таза және құрғақ болуы тиіс.
• Бір ретте азғантай мөлшердегі шашты алу қажет.
• Шашты қалаулы ұзындыққа жеткенше, биіктігін біртіндеп азайта отырып алыңыз.
• Егер тым жылдам жұмыс істесеңіз немесе бір ретте көп шаш алсаңыз, ұстараның басы тұтқырланып қалады.
• Шаш алардан бұрын құралды сәл жұмыс істетіп алыңыз.
ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
• Құралға қажетті саптаманы орнатыңыз.
• Ұстараның жүзін шешіп алу үшін шашқа арналған триммерді екі қолмен ұстаңыз және жүзді түсіп кетпейтіндей етіп ұстап, бас бармақпен басыңыз.
• Өзіңізге қажетті саптаманы таңдаңыз.
• Саптаманы шашқа арналған триммерге орнатыңыз.
Содержание 8720039719217
Страница 35: ...8 USB USB USB RCD 30 mA USB USB 5 V BG III IEC...
Страница 36: ...1 2 3 4 ON OFF 5 4 6 7 8 9 10 USB 11 12 13 14 4 3 6 9 12 1 U 2 8 9 2 1 16 3 12 10 C 40 C On Off 90...
Страница 38: ...8 USB USB USB RCD 30 mA USB USB 5 V GR CY IEC...
Страница 39: ...1 2 3 4 ON OFF 5 4 6 7 8 9 10 USB 11 12 13 14 4 3 mm 6 mm 9 mm 12 mm T 1 U 2 8 9 2 mm 1 16 mm 3 12 10 C 40 C...
Страница 50: ...8 USB USB USB RCD 30mA USB USB 5 M MK III IEC...
Страница 51: ...1 2 3 4 5 4 6 7 8 9 10 USB 11 12 13 14 M 4 3mm 6mm 12mm T 1 U 2 8 9 2 mm 1 16 mm 3 12 10 C 40 C 90...
Страница 53: ...8 USB USB USB 30 USB USB 5 RU III...
Страница 54: ...1 2 3 4 5 4 6 7 8 9 10 USB 11 12 13 14 4 3 6 9 12 1 U 2 8 9 2 1 16 3 12 10 C 40 C 90...
Страница 56: ...8 USB USB USB 30 USB USB 5 KZ...
Страница 57: ...1 2 3 4 5 4 6 7 8 9 10 USB 11 12 13 14 3 6 9 12 4 1 U 2 8 9 2 1 16 3 12 10 C 40 C...
Страница 59: ......