
8
ҚАЗАҚША
ЖЕЛДЕТКІШ CF-2000
Желдеткіш жұмыс орнында ауа ағынын жасауға
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Үстелдік түпқойма
2. Алдыңғы тор
3. Қалақтар
4. «USB-mini» қуаттандыру штекері
5. Артқы тор
6. LED-көрсеткіш
7. Дөңгелек LED-шам
8. Жарықты қосу түймесі
9. Жылдамдықты іске қосу/өшіру түймесі
10. Бұрылуды (120°/360°) қосатын түйме
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электрлік аспапты пайдалануға беру алдында осы
пайдалануға беру жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз және оны анықтамалық материал ретінде
қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның тікелей
мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз. Құралды
дұрыс пайдаланбау оның сынуына, пайдаланушыға
немесе оның мүлігіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
•
Бірінші рет қосудың алдында қуаттандыру
ұяшығындағы кернеудің «USB-mini» стандартына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
•
Аспапты қолданудың алдында желдеткіштің
штекерін және қуаттандыру бауын мұқият қараңыз,
және олардың зақымданбағанына көз жеткізіңіз.
Егер штекердің немесе баудың зақымдалуын
байқасаңыз, онда құралды пайдалануға болмайды.
•
Желдеткішті үй-жайлардан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құралды түзу, құрғақ және тұрақты бетке, жылу және
ашық жалын көздерінен алыс жерге орналастырыңыз.
•
Құралды су құйылған сыйымдылықтың, дымқыл
жертөлелік үй-жайлардың маңында және
бассейннің жанында пайдалануға болмайды.
•
Желдеткішті, штекерін және қуаттандыру бауын
суға немесе басқа кез-келген басқа сұйықтықтарға
салуға болмайды.
•
Құралдың корпусын дымқыл қолмен ұстауға бол-
майды.
•
Жарақаттар алуға немесе құралдың бүлінуіне жол
бермеу үшін желдеткіштің қорғаныс торларының
саңылауларына бөтен заттарды салуға тыйым
салынады.
•
Желдеткіш жұмыс істеп тұрған уақытта айналатын
қалақтарды ұстауға тыйым салынады.
•
Желдеткішті
перделер,
шымылдықтар
немесе бөлме өсімдіктеріне жақын жерге
орналастырмаңыз.
•
Желдеткіштен шығатын ауа ағыны астында ұзақ
уақыт бойы тұруға (әсіресе балалар мен қарт
адамдарға) болмайды.
•
Ешқашан жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Желдеткішті тазалаудың алдында, сондай-ақ
пайдаланбаған жағдайда сөндіріп қойыңыз.
•
Желдеткішті сөндіргенде бауынан тартпаңыз,
қуаттандыру бауының штекерінен ұстаңыз.
•
Құралды тұрақты түрде тазалап тұрыңыз.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген болмаса,
аспап олардың пайдалануына арналмаған.
•
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балалар-
ды қадағалау керек.
•
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қапшықтарды қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Балаларға полиэтилен
пакеттерімен немесе қаптама үлдірімен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қаупі бар!
•
Қалақтары, қуаттандыру бауы немесе штекері
зақымдалған болса, егер желдеткіш құлағаннан
кейін іркіліспен жұмыс істесе, немесе басқаша
зақымдалса, онда желдеткішті пайлануға тыйым
салынады.
•
Қуаттандыру бауы зақымданған болса, онда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік қызмет
немесе баламалы білікті маман ауыстыруы тиіс.
•
Аспапты өздігінен жөндеуге тыйым салына-
ды. Аспапты өздігіңізден бөлшектеуге болмайды,
кез-келген ақаулық пайда болған кезде, сонымен
қатар құрылғы құлағаннан кейін аспапты өшіріп,
кепілдік талонында және www.coolfort.ru сайтында
көрсетілген байланыс мекен-жайы бойынша кез-
келген авторландырылған (уәкілетті) қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•
Құралды тек зауыттық орамда тасымалдау керек.
•
Құралды құрғақ салқын, балалардың және
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
ОСЫ ҚҰРАЛ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР
МЕН
ЖҰМЫС
ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА
АСПАПТЫ
ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құралды төмен температура жағдайында
тасымалдаған немесе сақтаған кезде, оны бөлме
температурасында үш сағаттан кем емес уақыт
бойы ұстау керек.
ПАЙДАЛАНУ
•
Құралды қаптамадан шығарыңыз және құралдың
жұмысына кедергі келтіретін кез-келген жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
•
Құралдың бүтіндігін тексеріңіз, ақауы болған
жағдайда құралды пайдалануға болмайды.
•
Желдеткішті түпқоймаға (1), тегіс, құрғақ және
тұрақты бетке орнатыңыз.
•
Қуаттандыру штекерін (4) «USB-mini» стандартты
қосқышы бар қуаттандыру көзіне салыңыз.
Содержание CF-2000
Страница 1: ...INSTRUC IUNE DE EXPLOATARE 4 6 8 10 12 14 www coolfort ru CF 2000 FAN...
Страница 2: ......
Страница 3: ...1 8 9 10 4 7 2 5 3 6...
Страница 8: ...8 CF 2000 1 2 3 4 USB mini 5 6 LED 7 LED 8 9 10 120 360 USB mini www coolfort ru 1 4 USB mini...
Страница 10: ...10 CF 2000 1 2 3 4 USB mini 5 6 LED 7 LED 8 9 10 120 360 USB mini www coolfort ru 1 4 USB mini 9 9 1 2 3 9...
Страница 12: ...12 CF 2000 1 2 3 4 USB mini 5 6 LED 7 LED 8 9 10 120 360 USB mini www coolfort ru 1 4 USB mini 9 9 1 2 3 9...