9
-
Шаң жинағыштағы шаңды қоқыс жәшігіне салыңыз (9-сурет).
-
Қол шаңсорғышын құрап, оны негізгі блокқа салыңыз.
СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
-
Қол шаңсорғышының бекіткішін жоғары қарай басып, негізгі блоктан
қол шаңсорғышын шығарыңыз.
-
Шаң жинағыш ілгешегінің батырмасын басып, шаң жинағышты кор-
пустан шығарыңыз.
-
Сүзгіні шаң жинағыштан шығарып, оны тазалаңыз.
-
Сүзгіні сәл жылы сумен шайыңыз және 24 сағат құрғатыңыз. Толық
кептіргеннен кейін сүзгіні шаң жинағышқа орнатыңыз (10, 11 суреттер).
-
Қажет болса, шаң жинағышты жылы сумен шайыңыз. Шаңсорғышқа
орнатпас бұрын шаң жинағыштың әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.
-
Қол шаңсорғышын құрап, оны негізгі блокқа салыңыз (12, 13 суреттер).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
сүзгіні тазалау үшін тазартқыш құралдар мен ыстық
суды пайдаланбаңыз. Шаңсорғышты сүзгісіз пайдалануға жол берілмейді.
КІЛЕМ МЕН ЕДЕНГЕ АРНАЛҒАН ҚОНДЫРМАНЫ ТАЗАЛАУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қондырманы тазаламас бұрын шаңсорғышты ажы-
ратуды ұмытпаңыз.
-
Монетаның көмегімен құлыпты ашық күйге бұраңыз (14-сурет).
-
Қондырманың қақпағын алып тастаңыз.
-
Щетканы алыңыз.
-
Щетканы жаңасымен ауыстырыңыз немесе тазалаңыз. Щетка тек бір
жағымен орнатылады (15-сурет).
-
Қондырманың қақпағын орнына қойып, монетаның көмегімен құлыптап
бекітіңіз.
Аспапты күту ережелерін тыңғылықты сақтауды ұсынамыз - бұл CENTEK
СМ шаңсорғышының сору қуаты мен сапалы жұмысының сақталуын
қамтамасыз етеді. Бұл сондай-ақ тегін кепілдік қызмет көрсетудің шарты
болып табылады.
Сүзгіні кір жуатын машинада жууға және фенмен кептіруге болмайды.
Үйге тазалық жұмысын жүргізген сайын шаң жинайтын контейнер мен
сүзгіні тазалау қажет. Әйтпесе қуаты азаяды және аспап істен шығады.
АККУМУЛЯТОРДЫ АУЫСТЫРУ
Қауіпсіздік мақсатында шаңсорғыштың литий-ионды аккумуляторын
қызмет көрсету орталықтарындағы білікті мамандар ғана ауыстыруы
тиіс. Егер батареяның қуаты тез таусылатын болса, оны ауыстыру үшін
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
АККУМУЛЯТОРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН КӘДЕГЕ
ЖАРАТУ
Шаңсорғышты кәдеге жарату кезінде батареяны алып тастау керек.
Пайдаланылған батареялар арнайы қабылдау орнына тапсырылады
және тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге жаратылмайды. Батарея-
ларды бөлшектеу үшін сервис орталығымен хабарласыңыз немесе келесі
нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
қуаттандыру құрылғысының қосылмағанына көз
жеткізіп, бөлшектеу алдында аккумулятордың қуатын әбден таусылғанша
пайдаланыңыз.
-
Аспаптың аккумулятордың қуаты түгел таусылғанша жұмыс істеуіне
мүмкіндік беріңіз.
-
Қол шаңсорғышын негізгі блоктан алыңыз.
-
Шаң жинағыштың бекіткішін басыңыз және шаң жинағышты алыңыз.
-
6 винтті шешіп алып, аспаптың корпусын ашыңыз (16-сурет).
-
Қозғалтқыш/аккумулятор корпусын шешіп, сымдарды ажыратыңыз.
-
Батареяларды корпустан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
аспапты бөлшектеуде қиындықтар туындаған кезде
кеңес алу үшін жергілікті өкілдікпен немесе қалдықтарды кәдеге жарату
қызметімен хабарласыңыз.
6. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Қоректендіру блогы (желілік адаптер)
Номиналды кіріс кернеуі
220–240 В ~50/60 Гц
Номиналды шығыс кернеуі
26 В 0,5 А
Қуаты
13 Вт
Қорғау класы
II
Аспап
Қоректендіру
Аккумуляторы
Li-Ion
Ток
2200 мАч;
22,2 В 0,5 А
Номиналды қуаты
100 Вт
Максималды қуаты
350 Вт
Шаң сору қуаты
150 Вт
Қорғау класы
III