161
B O S C H
ҚАЗАҚ
“i-Temp” технологиясы
Бұл технология үтіктеуге болатын барлық маталар үшін
жарамды температура мен будың тиісті тіркесімін
орнатады (
белгілері).
“i-Temp” технологиясын үтіктеуге болмайтын маталарға
қолданылмайды (
белгісі)
Киімнің жарлықшасында келтірілген ұсыныстарға
жүгініңіз немесе кигенде көрінбейтін жерді үтіктеп көріңіз.
3. “SensorSteam” функциясы
Бастапқы қыздырудан кейін, “SensorSteam” функциясы
қауіпсіздік пен қуатты үнемдеуді арттыра отырып үтікті
қараусыз қалған кезде өшіреді.
1
Тұтқаны ұстаған кезде, үтік қызады. “SensorSteam”
индикатор шамы (2) үздіксіз жанып тұрған күйде
қалады.
2
Тұтқаны жіберген кезде, “SensorSteam” функциясы
белсендіріліп, үтік қызуды тоқтатады. “SensorSteam”
индикатор шамы (2) жыпылықтайды.
4. Бу режимдері
Бұл үтік кірістірілген мотор арқылы бу құрады.
Мотор жұмыс істеп тұрған кезде, су контейнерінің
“MotorSteam” индикатор шамдары (13) қосылады.
Үтік үтіктеу мен құрылғының қызмет ету мерзімін
оңтайландыра отырып, бу мөлшерін жұмыс режиміне
бейімдеу үшін датчикпен және электрондық жүйемен
жабдықталған.
Бу режимін “SET” түймесін (3) бірнеше рет басу арқылы
таңдауға болады. Үтік төмендегі циклден өтеді:
Бу режимі
Индикатор шамы (4)
Орташа
(үздіксіз бу)
“eco”
(жасыл түс)
Максималды
(үздіксіз бу)
“max”
(қызыл түс)
Бусыз үтіктеу
(құрғақ үтіктеу)
өшірулі
Бу шығарылымын бумен үтіктеу үшін қажет болғанда ғана
қолмен басқаруға болады. Құрғақ үтіктеу режимін таңдап,
моторды белсендіру триггерін (1) басыңыз.