38
Robert Bosch Hausgeräte GmbH
Шешім
Қармаушысын ауыстырыңыз
(“Шамадан артық жүктелуінен қорғау”
тарауын қараңыз).
Тағам рецепттері мен
кеңестер
Көкөністер мен жемістерден пісірілетін
тағамдардың нәрлілігінің көбін сақтау
үшін тағам пісіру тәсілдерімен танысып
алыңыз. Көкөністер немесе жемістерді
суда сақтамай, оларды тек қана үстелге
қою және жеу алдында ғана ұқалап
немесе езіп қойыңыз.
Тартылған еттен стейк
500 г ет
60 г кеуіп қатқан нан
50 г пияз
20 г май
1 жұмыртқа
40 г аунатылатын кептірілген нан
ұнтақтары
қуыру үшін өсімдік майы
тұз бен бұрыш
Нанды суда жібітіп алып, сығыңыз.
Пиязды тілімдерге тұрап, өсімдік майда
алтын түстес қылып қуырыңыз.
Етті жуып, шағын тілімдерге кесіңіз.
Нанды, пиязды және етті еттартқыш
арқылы екі рет тартыңыз (саңылау
шілтерінің саңылаулары 4 мм).
Оған жұмыртқаны, тұз бен бұрышты
қосып, барлығын біркелкі бір қоспа
қылып араластырыңыз.
Осы қоспадан 8 сопақ бифштекстерін
жасаңыз (шамамен 1,5 см қалың) да,
оларды кептірілген нан ұнтақтарында
аунатып алыңыз.
Қызған өсімдік майда қуырып пісіріңіз.
Аралас еттен жасалған паштет
500 г шошқа еті
500 бұзау еті
400 г шошқа майы
500 г бауыр
300 г пияз
200 г бидай ұннан тоқаш наны
4 жұмыртқа
тұз бен бұрыш
жұпар жаңғағы
Етті шошқа майымен және пиязбен
бірге бұқтырып пісіріңіз.
Бауырды тазалап, сіңірлерін алып
тастаңыз. Текшелерге тұраңыз.
Ет жұмсақтау болғанда оған бауыр
мен ұсақталған тоқаш нанын қосып,
барлығын бірге біраз уақыт бойы
бұқтырып пісіріңіз.
Осы қоспаны суытып алып, оны еттарт-
қыш арқылы екі рет тартыңыз (саңылау
шілтерінің саңылаулары 4 мм).
Оған жұмыртқаны, жұпар жаңғағын,
тұз бен бұрышты қосып, барлығын
жақсылап араластырыңыз.
Пеште пісіру үшін ыдысты майлап, оның
ішіне ет қоспасын салыңыз.
Шамамен 40 минут бойы пеште
пісіріңіз.
Үйде жасалған шұжық
4,5 кг орташа майлы ет
0,5 кг майлы ет
1 құты сүйек сорпасы
6–7 шай қасық тұз
½ шай қасық селитра
1 шай қасық бұрыш (ұнталған)
12–15 жұпар бұрыш дәндері
5–6 сарымсақ тісі (ұсақтап кесілген)
шамамен 7 м табиғи ішек
Етті еттартқыш арқылы тартыңыз
(саңылау шілтерінің саңылаулары
8 мм).
Тұзды селитрамен және дәмдеуіштер-
мен араластырып, оны ет қоспасына
қосыңыз. Осы әрекет барысында
оған баяу ғана сүйек сорпасын қосып
отырыңыз.
Суық бір жерге 24 сағат үшін қойыңыз.
Шұжықты толтыру қондырғысын еттарт-
қышқа орнатыңыз.
Ет қоспасын табиғи ішек ішіне толты-
рып, шамамен 30–40 см ұзын шұжық-
тарды жасаңыз. Бұйымның вентиляция
ауалау саңылауларының жабылып
қалмауына назар аударыңыз.
Шұжықтарды 6 сағат бойы құрғатыңыз.
Жылы түтін үстінен шамамен 14 сағат
бойы немесе ыстық түтін үстінен
шамамен 2,5 сағат бойы сүрлеңіз.
kk
Маңызды нұсқау
Қателер мен бөгеттерді өзіңіз жоя алма-
ған жағдайда пайланушыларға қызмет
көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Содержание MFW24010
Страница 2: ...en English 3 tr Türkçe 10 ru Русский 20 kk Қазақша 32 ar 48 ...
Страница 18: ......
Страница 19: ......
Страница 41: ...Robert Bosch Hausgeräte GmbH 41 ar 8 ...
Страница 42: ...42 Robert Bosch Hausgeräte GmbH ar 7 ...
Страница 43: ...Robert Bosch Hausgeräte GmbH 43 ar 6 ...
Страница 44: ...44 Robert Bosch Hausgeräte GmbH ar 5 ...
Страница 45: ...Robert Bosch Hausgeräte GmbH 45 ar 4 ...
Страница 46: ...46 Robert Bosch Hausgeräte GmbH ar 3 ...
Страница 47: ...Robert Bosch Hausgeräte GmbH 47 ar 2 ...
Страница 48: ...48 Robert Bosch Hausgeräte GmbH ar 1 ...
Страница 52: ...9000xxxxxx 09 2013 en tr ru kk ar ...
Страница 53: ......
Страница 54: ......
Страница 55: ......
Страница 56: ......
Страница 57: ......
Страница 58: ......