156
| Қазақ
u
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз.
Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
u
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз.
Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
u
Кіші батареяны ешқашан жұтып жібермеңіз.
Кіші
батареянын жұтылуы 2 сағаттың ішінде ішкі қатты күю
және өлімге алып келуі мүмкін.
Түймелі элемент балалардың қолына
түспеуін қамтамасыз етіңіз.
Түймелі
элемент жұтылған немесе денеге басқа
жолмен кіріп кеткен жағдайда, дереу
дәрігерге жолығыңыз.
u
Батареяларды алмастыруда тиісті ретте
орындалуына көз жеткізіңіз.
Жарылу қаупі бар.
u
Кіші батареяларды зарядтауға тырыспаңыз,
оларды қысқа тұйықтауға әрекет жасамаңыз.
Кіші
батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы және адамдарды
жарақаттауы мүмкін.
u
Заряды қалмаған кіші батареяларды тиісті ретте
алып тастап кәдеге жаратыңыз.
Заряды қалмаған
батареялар тығыз болмай қалып өнімді зақымдауы
немесе адамдарды жарақаттауы мүмкін.
u
Кіші батареяны артық қыздырмаңыз және алауға
тастамаңыз.
Кіші батарея ағып кетуі, жарылуы, жануы
және адамдарды жарақаттауы мүмкін.
u
Кіші батареяны зақымдамаңыз және кіші
батареяны ажыратпаңыз.
Кіші батарея ағып кетуі,
жарылуы, жануы және адамдарды жарақаттауы
мүмкін.
u
Зақымдалған кіші батареяны суға тигізбеңіз.
Шығатын литий сутек жасап өрт, жарылыс немесе
адамдар жарақаттануына алып келуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берік тірелген күйде ағаш, пластмасса мен
жеңіл құрылыс материалдарында ойық, қырлар,
профильдерді және кесіктерді фрезерлеуге және копир
бойынша фрезерлеуге арналған.
Төмен айналу жиілігінде және сәйкес фрезалармен түрлі-
түсті металдарды да өңдеуге болады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1)
Оң жақ тұтқа (беті оқшауланған)
(2)
Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі
(3)
Жарық индикаторы (GOF 1250 LCE)
(4)
Цангалы қысқыштың салмалы гайкасы
(5)
Фреза
A)
(6)
Шпиндельді бекіту иінтірегі
(7)
Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына
арналған бұранда (2x)
(8)
Жоңқадан қорғаныс
(9)
Сатылы тірек
(10)
Сатылы тірекке арналған реттегіш бұрандалар
(11)
Сырғу тақтасы
(12)
Параллель тіректің бағыттауыш қарнақтарына
арналған бекіткіш
(13)
Тірек тақтасы
(14)
Тереңдік шектегіші
(15)
Тереңдік шектегішін бекітуге арналған бұранда
(16)
Тереңдік шектегішінің нөлдік нүктесіне арналған
түйме (GOF 1250 LCE)
(17)
Өлшем бірлігін (мм/дюйм) ауыстыру түймесі
(GOF 1250 LCE)
(18)
Сандық тереңдік индикаторына арналған
ажыратқыш (GOF 1250 LCE)
(19)
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу диапазоны
(20)
Сол жақ тұтқа (беті оқшауланған)
(21)
Дисплей (GOF 1250 LCE)
(22)
Батарея бөлімінің қақпағы (GOF 1250 LCE)
(23)
Құлыптан босату иінтірегі
(24)
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеу шкаласы
(25)
Фрезерлеу тереңдігін дәлдеп реттеуге арналған
айналмалы тұтқа
(26)
Фрезерлеу тереңдігін реттеу шкаласы
(GOF 1250 LCE)
(27)
Көрсеткіш белгісі бар жапқыш (GOF 1250 LCE)
(28)
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған
айналмалы реттегіш
(29)
Ажыратқыш
(30)
Сорғыш шланг жалғағышы
(31)
Айыр тәрізді кілт, ені 19 мм
(32)
Сорғыш шланг (диаметрі 35 мм)
A)
(33)
Параллель тірек
(34)
Параллель тірекке арналған бағыттауыш қарнақ
(2x)
(35)
Параллель тіректі дәлдеп реттеуге арналған
қатпарлы бұранда (2x)
1 609 92A 57T | (03.02.2020)
Bosch Power Tools