
92
| Қазақ
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек
Bosch
компаниясы немесе
Bosch
электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Штемпельді
(10)
, қалыпты
(14)
және бағыттауыш
пластинаны
(11)
әр 3 жұмыс сағаты сайын тазалап
майлаңыз.
Штемпель, қалып пен бағыттауыш пластинаны тозған
жағдайда дер кезінде алмастырыңыз, себебі тек өткір
құралдар жақсы кесу өнімділігіне қол жеткізіп, электр
құралын сақтайды.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін,
өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және
асқын температура көздерінің (температураның шұғыл
өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне
жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда),
павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы
қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді
тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей
Федерациясының заңнамасымен белгіленген
мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан
пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар)
жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік
талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы,
орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі
туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып
алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға
мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа
бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып
алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай
әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға
сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе
сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы
туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған),
жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар
және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы),
міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік
белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Қалыпты алмастыру
Бұрандалардың
(9)
екеуін де босатып шығарыңыз. Жаңа
қалыпты
(14)
салып, бұрандалармен берік бұрап
бекітіңіз.
Тозған қалыпты қосымша өткірлеуге болмайды.
Бағыттауыш пластинаны алмастыру
Бағыттауыш пластина
(11)
қалып ұстағышын
(15)
қорғауға арналған.
Бағыттауыш пластинаны
(11)
алмастыру үшін қалыпты
(14)
жоғарыда сипатталғандай шығарып алыңыз. Содан
кейін қысқыш ұстағышындағы бұрандаларды
(13)
босатып шығарыңыз. Қысқыш ұстағышын
(12)
және
бағыттауыш пластинаны алып тастаңыз.
Жаңа бағыттауыш пластинаны
(11)
орнатыңыз. Қалыпты
(14)
бұрандалардың
(9)
көмегімен және қалып
ұстағышын
(12)
бұрандалардың
(13)
көмегімен бекітіңіз.
Барлық бұрандаларды берік бұрап бекітіңіз.
Штемпельді алмастыру
Алты қырлы дөңбек кілтті
(4)
штемпельді орналастыру
құралының
(16)
бұранда бастиегіне енгізіңіз. Штемпельді
орналастыру құралын штемпельді бекітуге арналған
бұранда
(7)
қалып ұстағышындағы саңылаудың
(8)
дәл
ортасында тұрғанша бұраңыз. Алты қырлы дөңбек кілтті
штемпельді орналастыру құралынан шығарып алыңыз.
Қалыпты
(14)
, сондай-ақ қысқыш ұстағышын
(12)
және
бағыттауыш пластинаны
(11)
жоғарыда сипатталғандай
шығарып алыңыз.
Штемпельді бекітуге арналған бұранданы
(7)
босатып,
штемпельді
(10)
төмен қарай тартып шығарыңыз. Жаңа
немесе қосымша өткірленген штемпельді жақсылап
майлаңыз да, астыңғы жақтан енгізіңіз. Штемпельді
бекітуге арналған бұранданы
(7)
қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Бағыттауыш пластинаны
(11)
және қысқыш ұстағышын
(12)
, сондай-ақ қалыпты
(14)
жоғарыда сипатталғандай
бекітіңіз.
Штемпельді қосымша өткірлеу
Дер кезінде қосымша өткірлеу (мысалы, алмасты
ажырлағыш дискімен) көп жағдайда штемпельдің
(10)
сынып қалуына жол бермейді. Қатты зақымдалған
штемпельдерді қосымша өткірлеуге болмайды.
Штемпельді екі көбі 1 мм шамасына қосымша өткірлеуге
болады. Өткірлеу тек кесік аймағында және ортаңғы
оське дәл 90° шамасына орындалуы қажет.
Штемпельдің кескіш қырларын шағын жануышпен сәл
тазартыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді:
www.bosch-pt.com
1 609 92A 7MH | (27.04.2022)
Bosch Power Tools