Қазақ |
243
шкаласы
(j)
автоматты түрде іске қосылады. Дәлдік шкаласы, нысан датчик
ортасының астында болғанда немесе өлшеу индикаторы
(i)
максималды
амплитудаға жеткенде, толық амплитуданы көрсетеді. Оған қоса "Гипскартон" және
"Металл" жұмыс режимдерінде нысан ортасының индикаторы
CENTER
(k)
да
жанады.
Астыңғы беттегі кеңірек нысандарды өлшеу индикаторының
(i)
және дәлдік
шкаласының
(j)
үздіксіз жоғары амплитудасы арқылы анықтауға болады. Жарық
сақинасы
(1)
сары түспен жанады. Жоғары амплитуданың ұзақтығы шамамен нысан
еніне сәйкес келеді.
Егер өте кішкентай немесе терең жатқан нысандар ізделсе және өлшеу
индикаторы
(i)
азғантай ғана ығысса, өлшеу құралын нысан үстінен көлденеңінен
және тігінен қайта-қайта жылжытыңыз. Дәлдік шкаласының
(j)
амплитудасына және
"Гипскартон" және "Металл" жұмыс режимдерінде орынды дәл анықтауға мүмкіндік
беретін нысан ортасының индикаторына
CENTER
(k)
да назар аударыңыз.
u
Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат
көздері арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет.
Өлшеу нәтижелеріне
қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты әсер ете алатындықтан, өлшеу
индикаторы
(i)
датчик аймағында ешбір нысанды көрсетпеуі, дыбыстық сигнал
берілмеуі және жарық сақинасы
(1)
жасыл түспен жанып тұруы мүмкін.
Жұмыс режимдері
Жұмыс режимін тиісінше таңдау арқылы үздік өлшеу нәтижелеріне қол жеткізуге
болады. Металл нысандардың максималды анықтау тереңдігіне "Металл" жұмыс
режимінде қол жеткізуге болады. Кернеу өткізгіш сымдардың максималды анықтау
тереңдігіне "Ток кабелі" жұмыс режимінде қол жеткізуге болады.
Таңдалған жұмыс режимін кез келген уақытта жасыл түспен жанып тұрған жұмыс
режимінің индикаторы
(4)
арқылы анықтауға болады.
"Гипскартон" жұмыс режимі
"Гипскартон" жұмыс режимі гипскартон қабырғаларында ағаш пен металл
нысандарды табуға арналған.
"Гипскартон" жұмыс режимін іске қосу үшін "Гипскартон" жұмыс режимінің
түймесін
(11)
басыңыз. "Гипскартон" жұмыс режимі түймесінің үстіндегі жұмыс
режимінің индикаторы
(4)
жасыл түспен жанып тұрады.
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойғаннан кейін, жарық сақинасы
(1)
жасыл
түспен жанып, құралдың өлшеуге дайын болғаны туралы хабарлайды.
"Гипскартон" жұмыс режимінде қолжетімді барлық нысан түрлері табылып,
көрсетіледі:
Bosch Power Tools
1 609 92A 7LE | (07.04.2022)