Қазақ |
209
Төмендегілермен бірге бекітуге арналған астыңғы бет
Гельді көпшік
Істікті көпшік
Жылтыр лакпен боялған беттер (астыңғы
беттің пайдалану мерзіміне және күйіне
байланысты)
Көпшікті алмастыру үшін гельді көпшік ұстағышын
(13)
сағат тілінің бағытына қарсы
бұраңыз және гельді көпшікті
(14)
және ұстағышты өлшеу құралынан алып
тастаңыз. Істікті көпшікті
(7)
орнатып, сағат тілінің бағытымен тірелгенше бұрап
бекітіңіз. Істікті көпшікті гельді көпшікке алмастыру үшін төмендегі әрекеттерді
орындаңыз.
Гельді көпшікпен бекіту
Алғышарттар:
Астыңғы бет құрғақ және берік болуы тиіс.
Ылғалды, өте шаңды, өткір жиекті немесе қатты құрылымдалған беттерде гельді
көпшіктің жабысқақтығына кепіл берілмейді. Мұндай жарамсыз беттерге бекітілген
жағдайда, өлшеу құралы құлап, зақымдалуы немесе астыңғы бетке зақым келтіруі
мүмкін.
Егер гельді көпшік ластанған болса немесе тегіс беттерге бұдан былай жабыспаса,
оны тазалау немесе алмастыру қажет (қараңыз „Гельді көпшікті тазалау“, Бет 213).
Әр пайдалану алдында көзге түспейтін, үлкен емес жерде гельді көпшіктің қалаулы
астыңғы бетке жабысуын және оны астыңғы бетке зақым келтірмей алып тастау
мүмкіндігін сынап шығыңыз.
Өлшеу әрекетін аяқтаған соң немесе астыңғы бет өңделген кезде (мысалы,
бұрғылау, бұрау немесе соққылау арқылы), өлшеу құралын әрдайым алып
тастаңыз.
Өлшеу құралын астыңғы бетке орнату:
Гельді көпшіктің қорғаныш қалпақшасын
(15)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап,
алып тастаңыз. Алғаш рет пайдалану алдында гельді көпшіктен қорғаныш үлдірді
алып тастаңыз.
Өлшеу құралын қалаулы бетке нық ұсталғанша азғантай қысыммен басыңыз. Тым
қатты басқан жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
Егер лазер сызығы қабырға үстінде белгілі бір биіктікте өтсе, бұл биіктікті алдын ала
белгілеп қойыңыз. Өлшеу құралын, көрсетілген биіктік таңбаламасы өлшеу құралы
таңбалау көмекші құралының
(1)
ортасында орналасатындай, қабырғаға
орнатыңыз.
Bosch Power Tools
1 609 92A 55E | (12.05.2020)