178
| Қазақ
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD)
(1)
RESET
түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты
(2)
өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышымен
(3)
үш айналу жиілігін
алдын ала таңдауға болады.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 165–350 мм
– 2-беріліс: 80–160 мм
– 3-беріліс: 55–105 мм
Жұмыс бойынша нұсқаулар
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті
(16)
айналатын крест
(15)
аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға
бұралғанша төменірек айналу жиілігімен бұрғылаңыз.
Содан кейін қажет болса, 2-ші немесе 3-ші беріліске
ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын
дайындамаға туралаңыз. Бірқалыпты қысыммен
бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын
саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын алмас
сегменттерінен кетіру мүмкін болады.
Электр құралының айналатын крестін
(15)
қажетті
бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін
бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз.
Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді
ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау
керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға
қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
Артық жүктеме ажыратқышы
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау
шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу
және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын
бірден өшіріңіз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға
және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын
саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы
қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы
қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп
қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға
болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу
қажет болады.
Кернді алып тастау
Бұрғылағаннан кейін суды қысқа уақытта ағызып,
бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы бұрғылау
қалдығын шайып жіберіңіз.
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет
болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі
жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау:
бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз
(деформациялау қаупі бар)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
u
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тісті рейканы
(22)
және бұрғылау бағанының
(21)
бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін
(7)
жұмыс соңында тазалап
шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына
(6)
тот басудан қорғайтын затты
себіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс
тек
Bosch
компаниясы немесе
Bosch
электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында
жүргізілуі тиіс.
Бағыттауыш шығыршықтарды қосымша дәлдеу
(G суретін қараңыз)
Уақыт өте келе бағыттауыш шығыршықтар тозып,
бағыттауыш шығыршықтар мен бұрғылау станинасының
арасында бос аралық пайда болуы мүмкін. Осы бос
1 609 92A 4NK | (20.02.2019)
Bosch Power Tools