146
| Қазақ
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
u
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
өшіргішті енді басушы болмаңыз.
Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды енгізу
Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне
тірелгенше енгізіңіз.
Аккумуляторды шығару
Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз.
Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы қосулы
электр құралында қолжетімді аккумулятор зарядын
немесе артық жүктемені көрсетеді.
Жарық диоды
Қуаты
Үздіксіз жарық 3 × жасыл
75–100 %
Үздіксіз жарық 2 × жасыл
40–75 %
Үздіксіз жарық 1 × жасыл
15–40 %
Баяу жыпылықтау 1 × жасыл
0–15 %
Артық жүктемеден қорғаныс іске қосылғанда, заряд
деңгейі индикаторының 3 жарық диоды бір уақытта
жыпылықтайды. Аккумулятор температурасы қызметтік
температура диапазонының аясынан тыс болғанда және/
немесе электр құралының термоқорғанысы іске
қосылғанда, ортаңғы жарық диоды жыпылықтайды.
Жинау
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жұмыс құралын ауыстыру
u
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
қолғапты кию ұсынылады.
Көлемді
Bosch
керек-жарақтар бағдарламасына жататын
түпнұсқа фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Фреза қорабын шешу (A суретін қараңыз)
Фрезаны орнатудан бұрын алдымен фреза қорабын
(2)
жетек блогынан
(1)
ажыратыңыз.
Қатпарлы бұрандаманы
(11)
фреза қорабында
(2)
ашыңыз.
Жетек блогын жоғарыға тартыңыз.
Цангалы қысқышты алмастыру (B суретін қараңыз)
Пайдаланылатын фрезаға байланысты фрезаны
пайдаланбас бұрын салмалы гайкасы бар цангалы
қысқышты
(6)
алмастыру қажет.
Егер фрезаңыз үшін дұрыс цангалы қысқыш әлдеқашан
монтаждалған болса, төмендегі бөлімдегі жұмыс
қадамдарын орындаңыз.
Цангалы қысқыш салмалы гайкада азғантай бос орынмен
орналасуы тиіс. Салмалы гайкасы бар цангалы
қысқыш
(6)
оңай монтаждалуы тиіс. Егер салмалы гайка
немесе цангалы қысқыш зақымдалған болса, оларды
бірден алмастырыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін
(7)
басып тұрыңыз. Қажет
болса, қозғалтқыш шпинделін бұғатталғанша қолмен
бұраңыз.
Салмалы гайканы
(6)
айыр тәрізді кілтпен
(20)
сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
Нұсқау:
цангалы қысқышты алмастырудың балама
мүмкіндігі (шпиндельді бұғаттау түймесін
(7)
баспай):
салмалы гайканы
(6)
босату немесе мықтап тарту үшін екі
гайка кілтін екіжақты бұрыш арқылы білікке қойыңыз.
Қажет болса, құрастырмас бұрын барлық орнатылатын
бөліктерді жұмсақ шүберекпен немесе сығылған ауамен
үрлеп тазартыңыз.
Жаңа салмалы гайканы құрал бекіткішіне
(19)
орнатыңыз.
Салмалы гайканы бос етіп тартыңыз.
u
Қысқышты жаппа сомынмен фреза орнатылған
болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз.
Әйтпесе
қысқаш зақымдануы мүмкін.
Фрезаны орнату (C1 – C2 суреттерін қараңыз)
u
Фрезаларды орнату мен алмастыруда қорғауыш
қолғапты кию ұсынылады.
Фрезалар пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі
нұсқалар мен сапа деңгейлерінде қолжетімді.
Фрезаны әрдайым цангалы қысқышқа K таңбаламасына
(32)
дейін салыңыз. Егер K таңбаламасы жоқ фреза
пайдаланылса, фрезаны цангалы қысқышқа шамамен
2/3 бөлігіне салыңыз.
Жылдам кесілетін болаттан (HSS) жасалған қуатты
фрезалар
жұмсақ ағаш пен пластик сияқты жұмсақ
материалдарды өңдеуге жарамды.
Қатты құймалы (HM) кескіш жиекті фрезалар
қатты
ағаш сияқты қатты және абразивті материалдарға
арналған.
Bosch керек-жарақтарының кең бағдарламасына жататын
айрықша фрезаларды дилеріңізден алуға болады.
Тек ақаусыз және таза фрезаларды пайдаланыңыз.
1 609 92A 6FL | (29.09.2021)
Bosch Power Tools
Содержание 06039D5000
Страница 232: ...232 1 609 92A 6FL 29 09 2021 Bosch Power Tools ...
Страница 236: ...IV 1 609 92A 6FL 29 09 2021 Bosch Power Tools ...